«ТЕМІРТАУЛЫҚ МӘДЕНИЕТ САРАЙЫ» БАСТАУЫШ ПАРИЯ ҰЙЫМЫНА «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ ЖАҢА ХАТШЫСЫ ҚОНАҚҚА КЕЛДІ
[Дата публикации: 26.10.2018, 10:24:11, жариялауды: Әкімшілік]
2018 жылы 25 қазан күні Қарағанды мемлекеттік университеті құрамына кіретін «теміртаулық Мәдениет сарайы» бастауыш партия ұйымына жақын күндері тағайындалған «Нұр Отан» партиясының жаңа хатшысы Илья Сергеевич Теренченко және партияның облыстық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Қадиша Базарбайқызы Оспанова партия форумы қарсаңында қонаққа келіп кетті.
«Нұр Отан» партиясының Теміртаулық қалалық филиалы жағындағы «теміртаулық Мәдениет сарайы» бастауыш партия ұйымының құрамында 981 партия мүшесі бар, оның ішінде: ҚМИУ, Мәдениет сарайы, «Вершина» ӨК, «ҚазЭнергоМаш» ЖШС, партия мүшесі ең көп ұйым университет (726 адам).
Қонақтар үшін ЗD принтинг цифрлық зертханасына экскурсия ұйымдастырылды, осы экскурсия барысында зертхананың қызметтік мүмкіндіктері және бағыттары жайлы баяндалды. 3D-баспа процесі – бұл қабаттарды төсеу тәсілімен үшөлшемді моделді үлгі бойынша нақты нысанды жасау процесі және бүгінгі күні осы зертханада оқу жабдықтарына қажетті бөлшектер жасалады. Сонымен бірге, зертхана жанындағы дәрісханалар интерактивті жабдықтар бейнебайланыс, желіске және Internet қосылған заманауи компьютерлік жиынтықпен, Festo, Siemens және Sew Evrodrive компанияларының бағдарламалық-аппаратты кешендерімен жабдықталған.
Қонақтар осы жылы тамыз айында Қарағанды қ. БПҰ Форумының ашылу салтанатынан кейін, ашылған Теміртау қ. «Мәдениет сарайы» бастауыш партиялық ұйымының Қоғамдық қабылдау бөлмесін тамашалады.
Әрі қарай экскурсия университет базасында ашылған «IT мамандарды дайындау» бастамалық жобасы шеңберінде ашылған «Cisco» өңірлік желістік академия желісі бойынша жалғасты. Бүгінгі күні Орталықта «IT Essentials» курсы бойынша облыстың орта мектептері және колледждерінің «Информатика» пәнінің 100 оқытушы-жаттықтырушылары оқытылды және сертификат алды. Іс жүзінде Қарағанды облысында ашылған барлық компьютерлік сыныптарда «Нұр Отан» партиясының әлеуметтік бастамасы шеңберінде, өңірлік орталықта білімін арттырған сауатты мамандар сабақ береді.
ҚМИУ ректоры Б.А. Жаутиков, «Нұр Отан» партиясының жүзеге асырып жатқан жұмыстар жайлы айтты.
Бахыт Ахатұлы атап өткендей, университеттің стратегиялық міндеттерінің бірі, бірлі ақпараттық-білімдік ортаны дамыту және «Цифрлық партия» әлеуметтік бастамасы және «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде заманауи IT-технологияларды кеңауқымда жүзеге асыру саналады.
Университетте заманауи оқыту технологияларын енгізу, халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге, партияның әлеуметтік бастамаларын жүзеге асыруға арналған жұмыстар жүзеге асырылып жатыр.
ҚМИУ баспасөз қызметі
Просмотров: 729