“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

УНИВЕРСИТЕТТІҢ СПОРТТЫҚ ӨМІРІ ДӘСТҮРЛЕРМЕН БАЙ

[Дата публикации: 10.10.2018, 16:49:11, жариялауды: Әкімшілік]

 

 

Оқу жылының барысында ҚМИУ спорт кешенінің қабырғасында университеттік деңгейден республикалық деңгейге дейінгі әртүрлі ауқымды жарыстар жүйелі түрде өткізіледі.

Біздің университетіміздің 55 жылдық мерейтойы қарсаңында 2018 жылдың 1 мен 8 қазан аралығында ҚМИУ спорт залында пауэрлифтинг бойынша Қазақстан чемпионаты өтті.

Жарысқа республикамыздың 14 облысынан 15 команда, барлығы 450 адамнан артық спортшылар қатысты.

Қарағанды облысы атынан 130 спортшы қатысты. Ерлер он санат бойынша – 48 ден +120 кг, нәзік жандар сегіз санат бойынша – 44 тен +84 кг аралығында сайысқа түсті. Қарағанды облысының спортшылары 14 медаль жеңіп алды: алты алтын, алты күміс және екі қола. Жасы үлкен спортшылар санаты бойынша Швеция да өтетін Әлем чемпионатына, жасөспірімдер арасында Монғолияда өтетін Азия чемпионатына арналған іріктеу сайыстары өткізілді.

Сайыс ұйымдастырушылары ҚМИУ ректоры Бахыт Ахатұлы Жаутіковке университеттің спорт залында республикалық деңгейдегі іс-шараны өткізу үшін қолдау көрсеткеніне алыстарын білдіреді.

 

ҚМИУ баспасөз қызметі


Просмотров: 599
10.10.2018, 16:49:11, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар