АЛЬ-БАЛЬКИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ RIAD TAHA AL-KASASBEH УНИВЕРСИТЕТТЕ АШЫҚ ДӘРІСТЕР ЖӘНЕ ТРЕНИНГТЕР ТОПТАМАСЫН ӨТКІЗДІ
[Дата публикации: 21.09.2018, 15:03:30, жариялауды: Әкімшілік]
Университетте қыркүйек айының басында халықаралық ынтымақтастық шеңберінде ҚМИУ студенттері мен профессорлы-оқытушылар құрамы үшін Иордания мемлекетінің Амман қ. Қолданбалы Университетінің Al-Balqa (Al-Balqa Applied University) профессоры, PhD Riad Taha Al-Kasasbeh ашық дәрістер және тренингтер топтамасын өткізуде, ол 80 астам жұмыстың (Springer, Elsevier, IEEE, France Taylor, IASTED және т.б. басылымдар) авторы және қосалқы авторы, білім және зерттеу сапасының аудиторы, кәсіпті ұйымдар мүшесі.
Осы дәрістер мақсаты «Цифрлі электроника» (Digital electronic) пәні бойынша игерген білім негізінде «Автоматтандыру және басқару», «Электрэнергетика» және «Есептеу техникасы және бағдарламалық қмтамасыздандыру» мамандықтарында оқитын студенттердің кәсіпті құзыреттіліктерінің жоғары деңгейін қалыптастыру
Осы бағдарлама шеңберінде ынтымақтастық нәтижесі бойынша алыс және жақын шетелдік журналдарда біріккен мақалалар, ғылыми және зерттеу жұмыстарын рецензирлеу жарияланады, профессорлы-оқытушылар құрамы біліктіліктерін арттырады, сонымен бірге бейнесабақтар және мультимедиялы цифрлық тапсырмалар әзірленеді. Сонымен қатар халықаралық рецензирленетін басылымда жариялау үшін «Электрэнергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы» кафедрасының ПОҚ және университет қызметкерлерінің ғылыми жұмыстарын түзету және кеңес беру жұмыстары да жүзеге асырылады.
Просмотров: 809