“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

«Бұқар жырау Қалқаманұлы және мемлекетшілдік сана» атты ғылыми – тәжірибелік конференциясы

[Дата публикации: 21.09.2018, 11:04:50, жариялауды: Әкімшілік]

 

2018 жылдың 12 қыркүйегінде  Теміртау қаласының Мәдениет сарайында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  қазақтың ұлы жырауы Бұқар жырау  Қалқаманұлының 350 жылдық мерейтойына арналған «Бұқар жырау Қалқаманұлы және мемлекетшілдік сана» тақырыбында қалалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференция жұмысына Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің қазақ бөлімінде оқитын 1 курс студенттері белсенді түрде қатысты. Студенттер филология ғылымдарының докторлары, профессор Ж.Қ.Смағұлов, Ж.Ж.Жарылғапов, филология ғылымдарының кандидаты, доцент А.Б.Жұмағұлов және тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Н.А.Бейсенбекова сияқты ғалымдардың баяндамасын тыңдап, конференция барысында дана жырау шығармашылығының зерттелуі жайында ұйымдастырылған сауалдық сайыста ТТТиТ-18к тобының студенті Айынов Байбол, М-18 к тобының студенті Молдабек Гүлбану, МиТНМ-18к тобының студенті Турдыбаева Ару терең білімі үшін арнайы сыйлыққа ие болды.

Ғалымдар техникалық бағытта білім алушы студенттердің рухани деңгейіне тамасана қарап, облыстық, республикалық деңгейде өткізілетін филологиялық конкурстарға қатысуға шақырды, – дейді «Энергетика,транспорт және басқару жүйелері» факультеті деканының орынбасары Капашева Ж.К.

 

 

 

 

 

 

 


Просмотров: 719
21.09.2018, 11:04:50, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар