“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Конкурс жеңімпаздарына – гранттар мен оқуға жеңілдіктер

[Дата публикации: 29.08.2018, 16:13:27, жариялауды: Баспасөз-орталығы]

 

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде «Мамандықты таңдай – тағдырымды таңдаймын» атты эссе конкурсы өтті. Оның қорытындысы бойынша №19 ОМ түлегі Алейникова Валентина ҚМИУ жанындағы Техника-экономикалық колледжінде (ТЭК) бірінші курста оқуға ректор грантын иеленді, ал бірнеше адам университеттің бірінші курсында оқу үшін жеңілдіктер алды. 

Дәстүрге айналған және екі тілде жүргізілетін бұл конкурстың мақсаты – Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласы шеңберінде жастардың белсенді азаматтық-патриоттық ұстанымын қалыптастыру.

Конкурстық комиссияның құрамына кіргендер: төрағасы – тәрбие ісі және жастар саясаты жөніндегі Департамент директоры М.М. Салпенова; төраға орынбасары – ТЭК директорының орынбасары Т.К. Акишев; «ҚТ ж ӘГП» кафедрасының меңгерушісі О.Н. Гуменчук; «ҚО ж ШТ» кафедрасының меңгерушісі Н.А. Абдикарим; комиссия хатшысы – тәрбие ісі және жастар саясаты жөніндегі Департамент маманы Н. Е. Попова.

Конкурстық комиссияның алдында қала және облыстың жалпы білім беру мектептерінің түлектері қатарынан жеңімпаздарды айқындау бойынша оңай емес таңдау жасау міндеті тұрды. Алдымен конкурстық жұмыстар қарастырылды және олардың ең үздіктері іріктеліп алынды. Сосын сайыскерлер өздерінің эсселерін жеке таныстырды, содан кейін география бойынша тестілеуден өтті. Бірыңғай ұлттық тестілеу нәтижелері міндетті түрде ескерілді.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде Валя Алейникова үздік деп танылды. Енді ол техника-экономикалық колледжінде “Есеп және аудит” мамандығы бойынша бірінші курста тегін оқитын болады. Егер қыздың емтихандық сессияның қорытындысы бойынша “үштік” болмаса, онда ол одан әрі грантта қалады.

Екінші орынды экономист болуды жоспарлап отырған БТКЛ түлегі Әнуар Қазбеков иеленді, ол ҚМИУ-да оқуға 50 пайыздық жеңілдік алды. Үшінші орынды Кристина Кучеренко (№19 ОМ), Ақерке Куанышбекова (№9 ОМ) және Әлия Мадкен (№5 ОМ) өзара бөлісті. Қыздар ҚМИУ-да оқуға 25 пайыздық жеңілдік алды. Аталмыш жеңілдіктер әзірге тек бірінші курста ғана жарамды. Егер барлық жеңімпаздар оқу барысында жақсы нәтижелер көрсетсе, онда жеңілдіктер оларға әрі қарай берілетін болады.

Аталған конкурстың жеңімпаздарын құттықтау 1 қыркүйек 2018 жылы сағат 11.00-де ҚМИУ жаңа корпусының акт залында жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиналыста өтеді.

ҚМИУ баспасөз қызметі

 


Просмотров: 832