ҚМИУ-да үнді студенттерін оқыту аяқталды
[Дата публикации: 03.07.2018, 12:03:16, жариялауды: Баспасөз-орталығы]
18 маусымнан 22 маусымға дейін Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің оқытушылары Үндістанның ең үлкен штаты – Раджастханда орналасқан Джайпур қаласынан бір айға келген Лакшми Миттал ақпараттық технологиялар Институтының екінші курс студенттеріне «Металлургия негіздері» курсы бойынша дәрістер оқыды.
ҚМИУ-дың төрт оқытушысы шетелдік студенттерді «Металлургиялық процестерге шихталық материалдарды дайындау», «Болат өндірісі» (атап айтқанда, оттегі-конвертер процесі туралы), «Шойын өндірісі», «Болат құю және пештен тыс өңдеу» және «Материалдарды қысыммен өңдеу» секілді тақырыптардың қыр-сырымен таныстырды.
Үнді студенттері металлургия комбинатында тәжірибеден өту үшін Теміртауға қанша келсе (ал бұл-оныншы жыл), сонша оларға «Металлургия және материалтану» кафедрасының профессоры, ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Анатолий Торговец дәріс оқиды. Өзі – тұлға және оның сабақтары да, олардың барлық қиындықтарына қарамастан қызықты. Анатолий Корнеевичпен бірге үнді студенттері, олардың ішінде, тек екі қыз ғана «Үздіксіз-құю дайындама машиналар құрылымы мен жабдықтары» тақырыбын зерттеді. Іс барысында сұрақтар қойылды. Барлық қарым-қатынас аудармашы арқылы өтті.
– Бұл, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жағдайында үздіксіз құю туралы қарапайым білім беретін курс. Ол студенттерге технологияны түсіну үшін керек, сондай-ақ стационарлық емес жылу бұру жағдайында үздіксіз құйма қалыптастыруға әр түрлі факторлардың әсері туралы білім алуға болады, – дейді Анатолий Корнеевич. – Бұл курс қарапайым білім ғана емес, сондай-ақ, технологиямен, үздіксіз құю, металдың сапасына, балқыту процесі мен үздіксіз илектеуге байланысты терең іргелі білім береді.
«Металлургия негіздері» курсының «LNM Institute of Information Technology» он жеті студентін оқыту, сондай-ақ бұдан бұрынғы осы ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Алма-матеры болып табылатын университет бойынша егжей-тегжейлі экскурсия ҚМИУ мен «АрселорМиттал Теміртау» АҚ арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум шеңберінде ұйымдастырылды.
Теміртауда үнді студенттері университетте оқу мен комбинатта тәжірибеден өтіп қана қоймай, – оларды кең көлемді мәдени бағдарлама күтті. Мысалы, қонақтар 25-29 маусым аралығында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ балалар-жасөспірімдер орталығының бірнеше: «Қазақстанның ою-өрнек өнері» (көлемді қағаз пластикасы, сәндік кескіндеме), «Дауыс аппаратының құрылымы. Ән айту қағидасы» (орыс халық әндерін үйрену), «Туған өлке» (қағаз орамасы, түрлі-түсті пластик), «Өзін-өзі қорғау элементтерін зерттеу; омыртқа түзету; сколиоздың алдын алу» және «Менің елімнің халық биі»(қазақ халық биін үйрену) шебер-сыныптарына барды.
– Әсер өте жақсы. Теміртауға алғаш рет келдім. Бұл өте әдемі қала және қонақжай адамдар. Мұнда мен көптеген жаңа достар таптым, – дейді Үндістаннан келген студент Рохит Патель.
– Маған осы тамаша қалада бәрі ұнады, – толықтырады Яшасви Джейн. – Теміртау – өте шырайлы орын, онда менің ана тілімде сөйлемейтін адамдармен кездестім және онда олардың тілінде бірнеше сөздерді үйрендім. Бұл өте пайдалы тәжірибе.
ҚМИУ баспасөз қызметі
Просмотров: 822