Туған астананың мерейтойы
[Дата публикации: 05.07.2018, 09:27:34, жариялауды: Баспасөз-орталығы]
Жәутіков Б. А.,
Қарағанды мемлекеттік
индустриялық университетінің ректоры
(ҚМИУ, Теміртау қ.),
техника ғылымдарының докторы, профессор
Астананың жиырма жылдығы – әрбір қазақстандық үшін өте маңызды оқиға. Қазір, көптеген жылдар өткеннен кейін, Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың еліміздің бас қаласын ауыстыру туралы шешімінің дұрыстығы мен негізділігі бұрынғыдан да айқынырақ көрінеді. Бұл маңызды қадам елдің саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуына қуатты серпін берді. Еуразияның ортасында орналасқан Астананы ғылым, мәдениет және білім орталығы, сондай-ақ жас мемлекеттің тәуелсіздік символы деп атайды.
Жиырма жылда бұл тамаша қалада көп нәрсе өзгерді, ол 1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша «Бейбітшілік қаласы» атанды, ал 2000 жылдан бастап астаналар мен ірі қалалардың Халықаралық ассамблеясының мүшесі болды. Осы жиырма жыл ішінде Астананың ауданы шамамен 500 шаршы километрды құрады; тұрғындардың саны үш еседен артық көбейді; миллиондаған шаршы метр тұрғын үй салынды; салық түсімдері, негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі, шетелдік кәсіпорындардың саны мен жалақы көбейді; таңғажайып архитектуралық ойды бейнелейтін көптеген объектілердің үлкен саны пайда болды. Әлемге бұрыннан әйгілі жаңа астана саммиттер, конгресстер, съездер мен конференциялар, түрлі деңгейдегі кездесулер өткізу орны болды.
Астана – кадрлар және жастар мен жоғары білікті мамандар шоғыры. Жас қаланың гүлденіп, дамып келе жатқанын, онымен бірге бүкіл ел қалай дамып келе жатқанын көру мен сезіну ұнамды. Бәлкім, әрбір қазақстандық елордамызға кем дегенде бір рет болсын барып, оның ауқымын, сондай-ақ онда тұратын адамдардың мейірімділігі мен жомарттығын бағалай алды.
ҚР Тұңғыш Президентінің Альма-матеры болып табылатын біздің университетіміздің өкілдері, – Астанада жиі болып тұрады. Оқу озаттары, белсенділер мен талантты жастардың өкілдері Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың тұжырымдамалық идеяларын және жаһандық бастамаларын зерделеу бойынша «Әлемді өзгертетін идеялар» атты семинар-тренингтерге қатысады. ҚР Тұңғыш Президентінің кітапханасында өтетін семинар-тренинг және Астана туралы мәдени іс-шаралар – әртүрлі қызмет салаларында жеткен жетістіктері үшін жастардың арнайы марапаты болып табылады.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Мұражайы, Ақорда, «Хазрет Сұлтан» және «Нұр-Астана» мешіттері, Тәуелсіздік сарайы, мұражайлар мен театрлар, «Астана-Бәйтерек» монументі, «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығы, ән салатын фонтандар, океанариум , Есіл жағалауы – Астананың көрікті жерлерінің тізімін ұзақ уақыт бойы жалғастыра беруге болады. Экскурсиядан кейін барлығы есте қалады және жақсы көңіл күй тудырады.
«ЭКСПО-2017»-ге бару – біздің ЖОО тарихындағы жеке парақ. Халықаралық мамандандырылған көрмеде оның үш ай жұмыс ішінде бір жарым мыңнан астам студенттер мен ҚМИУ қызметкерлері болды. Осы уақыт ішінде шетелдік әріптестермен тікелей байланыстар орнатылып, ғылым мен білім саласындағы жаңа халықаралық байланыстар негіздері қаланды. «ЭКСПО-2017»-ге жасаған сапарымыздың нәтижесінде университетімізде бірқатар энергия тиімді жобаларды, соның ішінде – энергия үнемдеуші жылу жабдықтары, «ақылды» электр желілері, сөмкелер мен рюкзактардағы күн зарядтау модульдері, көк көмірді енгізуді жоспарлап отырмыз. Бұл үшін ҚМИУ-да барлық қажетті жағдайлар бар. Тұрақты даму тұрақты энергиясыз мүмкін емес. Инновациялар, жаңа идеялар, стандартты емес шешімдер – бұл «EXPO-2017» көрмесіне барғаннан кейін студенттер мен профессор-оқытушылар құрамына жасыл экономика қағидаларын практикалық енгізу мен дамытудың ауқымды міндеттерін іске асыруға жаңа серпін берді.
Біз ұрпақтардың тығыз байланысына ерекше назар аударамыз. ҚМИУ жиі қонақтары – Ұлт көшбасшы үзеңгілестері мен курстастары. Өмірлік тәжірибесі бай осы адамдарсыз маңызды іс-шаралар өтпейді, соның ішінде – ҚМИУ даму стратегиясын таныстыру; Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың – 1967 жылы бітірген түлектердің 50-жылдығына арналған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы – жаңа тұжырымдамалар мен заманауи шешімдер» атты IX Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция; Теміртау қ. этномәдени бірлестіктердің жұмысын үйлестіру бойынша ресурстық орталығы болып табылатын «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің ҚМИУ-да ашылуы; мемлекеттік мерекелерге және тағы басқаларға арналған салтанатты жиналыстар. Президент үзеңгілестері Н.Ә.Назарбаевпен бірге оқыған оқу жылдары, Теміртау қаласы, болашақ Мемлекет Басшысының мінез-құлқы қалыптасқан және тау-кен мамандығының құпиясы болатын металлургиялық комбинаты туралы естеліктерімен бөліседі. ҚР Президентінің үзеңгілестері жас ұрпақты тәрбиелеуде белсене қатысады. Студенттер олардың әңгімелері мен кеңестерін шынайы қызығушылықпен тыңдайды, ел Президентіне теңестіріле және өздерінің өмірлік басымдықтарын анықтай, жоғары мақсаттар қойып отырады.
Н.Ә.Назарбаев дұрыс айтқанындай, «Астана – мемлекет мақтанышы, халықтың ұлы жетістігі, ата-бабалардың ғасырлық арманының асуы». Астана – біздің Отанымыздың жүрегі және шын мәнінде тірі организм. Астананың 20 жылдығын мерекелеу жылы оған одан әрі дамуды, сауда мен экспорттық әлеуетті одан әрі арттыруды, сыртқы экономикалық байланыстардың географиясын кеңейтуді тілейміз. Астанада, сондай-ақ барлық көпұлтты Қазақстанда бейбіт аспан болсын! Ұрпақтар байланысы сақтала берсін! Бір шаңырақ астында халық тату және бақытты болсын!
Ашық көздерден алынған фото
Просмотров: 1 005