КӨҢІЛ АУДАРЫҢЫЗ!
[Дата публикации: 27.07.2018, 14:12:03, жариялауды: Әкімшілік]
Көңіл аударыңыз!
Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті магистратура және докторантураның келесі мамандықтары бойынша құжаттарды қабылдайды:
МАГИСТРАТУРА
6М070900 | Металлургия | 20 |
6М071000 | Материалтану және жаңа метариалдар технологиясы | 2 |
6М071200 | Машинажасау | 8 |
6М072100 | Органикалық заттардың химиялық технологиясы | 2 |
6М072400 | Технологиялық машиналар және жабдықтар (салалар бойынша) | 10 |
6М072900 | Құрылыс | 4 |
6М073100 | Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау | 6 |
ДОКТОРАНТУРА
6D070900 | Металлургия | 7 |
6D074000 | Материалтану және жаңа метариалдар технологиясы | 3 |
ҚМИУ магистратурасына оқуға қабылдау конкурс негізінде оқуға түсу емтихандарының нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.
Магистратура бойынша құжаттарды қабылдау 3 мен 31 шілде аралығында жүзеге асырылады. Оқуға түсу емтихандары 10 мен 20 тамыз аралығында өткізіледі. Оқуға қабылдау 25 тамызға дейінгі мерзімде жүзеге асырылады.
ҚМИУ магистратурасы жәнеи докторантурасына оқуға түсу үшін үміткерлер қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсырады:
1) мекеме басшысының атына жазылған өтініш, шетел тілі бойынша оқуға түсу емтиханы тапсырылатын қала атауы көрістеледі;
2) жоғары білім туралы құжат көшірмесі;
3) шетел тілі бойынша (болған жағдайда) тест тапсырылған халықаралық сертификат көшірмесі;
4) еңбек өтілін растайтын құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін) және кадр есебі бойынша жеке парақша;
5) 3×4 өлшемді алты фотография;
6) 086-У үлгілі медициналық анықтама (ФШК суреті);
7) жеке куәлік көшірмесі;
8) ғылыми және ғылыми әдістемелік жұмыстар тізімі (болған жағдайда).
Аталған құжаттар көшірмесімен бірге салыстырып тексеру үшін олардың түпнұсқалары да тапсырылады.
Қабылдау комиссиясының телефоны: 8(7213) 91-42-34
Просмотров: 669