Сәкен оқулары
[Дата публикации: 17.07.2018, 11:13:08, жариялауды: Баспасөз-орталығы]
ҚМИУ-да 16 шілде «Сәкен оқулары» конкурсы өтті. Оның қатысушылары көрнекті қазақ жазушысы, ақын және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің шығармаларын оқыды, сондай-ақ домбыраның сүйемелдеуімен орындады.
Сәкен Сейфуллиннің шығармашылық мұрасын зерттеуге бағытталған конкурстың ұйымдастырушылары Теміртау қ. мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен тілдерді үйрену орталығы болды. Іс-араға 60-тан астам адам қатысты, олардың арасында Теміртау қ. ақсақалдар кеңесінің өкілдері, соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің мүшелері, студенттік жастар болды, олар үшін Сәкен Сейфуллиннің бейнесі – бұл Қазақстан поэзиясының жарқын беттерінің бірі.
Қатысушылар заманауи қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, ақын және жазушы шығармаларын орындаумен қатар, оның жарқын, бірақ өте қысқа өмірінің санаулы белгілі сәттері туралы да айтты. Өкінішке орай, Сәкен Сейфуллин 1938 жылдың сәуірінде Алматыдағы ІІХК түрмелерінің бірінде «халық жауы» ретінде атылған. 1957 жылы КСРО Жоғарғы Сотының Әскери Алқасымен қылмыс құрамының болмауына байланысты ақталды.
Ақсақалдар Ілияс Баймырзаев пен Қасым Ботанов Сәкен Сейфуллиннің ұлы шығармашылық мұрасын және Қазақстан Республикасының ағарту ісіне қосқан зор үлесін атап өтті. Іс-шара қорытындысы бойынша белсенді қатысушылар ұйымдастырушылар атынан естелік сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды.
ҚМИУ баспасөз қызметі
Просмотров: 833