Образовательные программы специальностей КГИУ лидируют в национальном рейтинге!
[Дата публикации: 27.07.2018, 16:44:31, жариялауды: Әкімшілік]
ҚМИУ мамандықтарының білімдік бағдарламалары ұлттық рейтингте алдыңғы қатарда!
Жоғары оқу орындарының 66 білімдік бағдарламалары бойынша рейтингті «Атамекен» ҰКП құрастырған. Бұл мәліметтер білім жүйесін өзектендіруге және жоғары оқу орындары арасында аутсайдерлерді анықтауға мүмкіндік береді, бұл Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, еліміздегі жоғары оқу орындарының санын қысқарту кезінде дұрыс таңдау жасауға көмектеседі.
Рейтингті Ұлттық палата сарапшыларды тартумен статистикалық талдау жасаумен және нәтижелер туралы есепті дайындаумен басқа мәліметтер негізінде құрастырылған. Білімдік бағдарламалар рейтингісін жүзеге асырудағы негізгі мақсат еңбек нарығы және/не кәсіпті стандарттар талаптарына білімдік бағдарламалардың сәйкестігін анықтау.
Әдістеме еліміздің жоғары оқу орындарының білікті түлектерін дайындау және жұмысқа орналастыруда бизнес және мемлекеттік мүдделерді қамтамасыздандыру мақсатында әзірленген.
Әдістеме көп факторлы рейтингтен қалыптастырылған, ол мүмкіндік береді:
- түлектерді жұмысқа орналастыру түрінде жоғары оқу орындарын қортынды нәтижеге бағдарлау;
- грант және бюджеттік қаржыны жоғары оқу орындарына бөлу бойынша шешім қабылдау;
- жоғары оқу орындарының бизнеспен байланыстарын нығайту;
- жұмыс беруші күтетін үмітіне сәйкес түлектердің дағдылар жиынтығына қатысты білімді ұсынуға ауысу.
- жоғары оқу орнының түлегінің еңбекақысы деңгейі және жұмысқа орналастыруға қатысты жоғары оқу орындарының мәртебесін арттыруға ынталандыру.
ҚР «Атамекен» ҰКП басқарушы директоры Олжас Ордабаев түсіндіргендей, білімдік бағдарламаларды бағалау білімнің әртүрлі саласындағы кемшіліктерді анықтауға мүмкіндік береді. Білімдік бағдарламаларды бағалау кезінде түлектерді жұмысқа орналастыру және орташа еңбекақы мөлшеріне ерекше көңіл бөлінеді. Осы көрсеткіштер мамандардың пікірі бойынша түлектер нарығы қаншалықты жоғары екендігін, жоғары оқу орнын бітіргеннен кейінгі бірінші жылы олар қаншалықты оңай жұмысқа орналасуға мүмкіндіктері бар екенін көрсетеді. Сонымен бірге ұсынылған әдебиеттердің оқытылуы, контент өзектілігі және жаңалығы, бөлінген уақыт мөлшері, тақырыптар толықтығы ескеріледі.
«Әртүрлі жоғары оқу орындарының білімдік бағдарламалары арасындағы бәсекелестік басталды. Білім және ғылым министрлігі білімдік бағдарламалар реестрін және рейтінгісін жүргізеді және жұмыс берушілер қауымдастығымен бірге реестрден нарық жағдайына қажет емес және әлсіз бағдарламалар алынады» – деп атап өтті білім және ғылым министрі Е.К. Сағадиев.
Білімдік бағдарламалар рейтингісінің нәтижесі бойынша Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің 4 мамандығының білімдік бағдарламалары жоғары орындарды иеленіп, үздік ондық құрамына кірді:
Электрэнергетика – 3 орын
Органикалық заттардың химиялық технологиялары – 4 орын
Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру – 6 орын
Құрылыс – 6 орын
20 озық білімдік бағдарламалар топтамасына ҚМИУ келесі мамандықтарының білімдік бағдарламалары кірді:
Автоматтандыру және басқару – 12 орын
Машинажасау – 11 орын
Көлік, көлікті техника және технологиялар – 16 орын
ҚМИУ баспасөз қызметі
Просмотров: 582