Оқу, практика және мәдениетті бағдарлама
[Дата публикации: 12.06.2018, 17:17:16, жариялауды: Баспасөз-орталығы]
ҚМИУ оқытушылары келесі апта ішінде Лакшми Миттал Ақпараттық технологиялар институтының екінші курс студенттеріне металлургия саласы бойынша дәріс оқиды. Он екі жігіт және екі қыз студенттер Раджастхан штатында орналасқан Джайпур қ. металлургиялық комбинатынан практикадан өту үшін келді.
Үндістаннан келген студенттер Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде бірнеше жыл қатарынан білім алуда. Осы кезде университет бойынша Теміртау қаласының қонақтары ҚМИУ мұражайымен және зертханаларымен, онда орналасқан ерекше жабдықтарымен танысады.
– Біздің студенттер Үндістанның әртүрлі қалаларынан келді – дейді доктор Ашок Даргар, Лакшми Миттал Ақпараттық технологиялар институтының оқытушысы – Біз Теміртау қаласына 8 маусым күні «АрселорМиттал» бағдарламасы бойынша жаңа технологияларды игеру және халықаралық байланысты нығайту үшін келдік. ҚМИУ оқу 18 маусым күні басталады, теориялық оқудан кейін №1 және №2 табақты таптау цехтарында өндірістік практика өткізіледі. Сонымен бірге студенттер Персоналды оқыту және дамыту бөлімінде «Ақпараттық технологиялар» тақырыбына арналған сабаққа қатысады. Олар үшін мәдени бағадрлама да ұйымдастырылған, олар қазақ халқының салт-дәстүрімен, Балалар және жасөспірімдер орталығымен танысады. Қарағанды және Астана қалаларына арналған экскурсия ұйымдастырылады.
ҚМИУ баспасөз қызметі
Просмотров: 894