Кәсіподақ шәкіртақысы
[Дата публикации: 12.06.2018, 12:20:01, жариялауды: Баспасөз-орталығы]
Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің үшінші курс студенті Айболат Едыгеевқа «Қарағанды облысының Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚҰ шәкіртақысы тағайындалды.
«Көлік, көлікті техника және технология» мамандығының «ККТжТ-15қ-2» тобының студенті Айболат Едыгеев – ҚМИУ студенттерінің кәсіподағының және «Нұр Отан» партиясының мүшесі. Ол жақсы оқумен қатар университеттің сонымен қатар қалалық және облыстық деңгейдегі қоғамдық және спорттық іс-шараларына белсене қатысады. Үш айлық 90 мың теңге мөлшеріндегі шәкіртақыны алуға арналған Сертификат Айболатқа Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар күні қарсаңында салтанатты түрде тапсырылды, бұл шара 8 маусым күні Қарағанды қ. өткізілді. Сонымен бірге осы іс-шара шеңберінде ҚР Кәсіподақтар Федерациясы, министрлік, салалық кәсіподақтар жоғары оқу орындары және колледж студенттері және жастар арасында өздерінің белсенді мүшелерін және әлеуметтік серіктестерін наградалармен марапаттады.
Осы күні үшінші курс студенті Ленин атындағы кинотеатр алдындағы саябақта балалар алаңының салтанатты ашылу іс-шарасына құрметті қонақ ретінде қатысты. Бұл облыстық салалық кәсіподақтардың территориялық құрылымдарының Қарағанды қ. қонақтарына және балаларға жасаған сыйлығы. Айболат Едыгеевке символды таспаны кесу сеніп тапсырылды. Осы саябақта Еңбек адамы аллеясы да бой көтерді, осы жерге кәсіподақтар бірлестіктерінің өкілдері 30 шырша ағашын отырғызды.
ҚМИУ баспасөз қызметі
Просмотров: 855