Маңызды күн
[Дата публикации: 21.06.2018, 10:04:21, жариялауды: Баспасөз-орталығы]
Биылғы мектеп түлектері бүгін Ұлттық бірыңғай теслілеуді тапсыруда. Таңертең Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің алдында шамамен бес жүз астам түлектер, педагогтар, мектеп директорлары және ата аналар жиналды.
Түлектер және олардың жанкүйелерлері үшін Ұлттық бірыңғай тестілеудің басталуына арналған митинг өткізілді. Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің ректоры, мемлекеттік комиссия төрағасы Б.А. Жәутіков және Теміртау қ. әкімінің орынбасары Д.Ж.Есимханов түлектерге ақжол, сәттілік тіледі. Осыдан кейін әртүрлі оқу орындарының өкілдері кезекпен университет ғимаратына шақырылды.
Биыл ҰБТ 481 түлек, оның ішінде қазақ тілінде – 207, орыс тілінде – 274 түлек тапсырады. ҰБТ ҚМИУ 5 дәрісханада өтеді, сонымен екі дәрісхана қорда тұр. Барлық дәрісханаларда бейнебақылау камералары орнатылған.
Түлектердің ата аналары ҚМИУ жаңа корпустың конференц залына монитор арқылы ҰБТ тапсыру барысын көре алады.
ҚМИУ баспасөз қызметі
Просмотров: 690