“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Қазіргі ҚМИУ түлектері жасаған робот-манипулятор

[Дата публикации: 27.06.2018, 12:00:45, жариялауды: Баспасөз-орталығы]

 

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің қазіргі түлектері өздерінің сызбалары және ерекше идеялары негізінде адамның қолының жұмыс жасау қаидасы бойынша жұмыс жасайтын алты өсті робота-манипуляторды құрастырды. Негізгі ерекшелігі – оның бөліктерінің бір бөлігі университеттің 3D-принтерінде басып шығарылды.

«Энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы» кафедрасында жақын күндері «Бейімделген роботталған жүйені әзірлеу мақсатында алты өсті робот-манипулятордың кинематикалық сұлбаларын зерттеу және әзірлеу» тақырыбына арналған кешенді дипломдық жоба қорғалды. Барлық жұмыс ғылыми жетекшілермен бірге жүзеге асырылды.

Электрэнергетиктер тобы алдын-ала қолданыстағы мехатронды кешендерді сараптаумен, қортындысында мехатронды кешен және роботты техникалық нарықта сұранысқа ие ең қажетті жабдықтар робот-манипуляторлар екенін анықтады.

Қазіргі уақытта манипуляторлы роботтар өнеркәсіптің әртүрлі саласында кең спектрлі технологиялық міндеттерді жүзеге асыру үшін қолданылады. Өндірістік процеске  манипуляторларды негізу үшін арнайы әзірленген басқару жүйесі қажет, ол робот және адам-оператор арасындағы  өзара әрекетті қамтамасыз етеді, сонымен бірге технологиялық операцияларды автоматтандыруға қажетті процестерді орындайды.

– «Энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы» кафедрасында осындай манипуляторды жинақтау туралы ой біраз уақыт бұрын пайда болды, бүгінгі күннің студенттері бұрынғы студенттерден өзгеше, олар мектепте робототехника негіздерін оқыған.  Сондықтан жоғары оқу орындарындағы оқыту жоғары деңгейде жүзеге асырылу тиіс – дейді оқу ісі жөніндегі проректор Галина Сивякова. – Негізгі ерекшелік, бөлшектердің бір бөлігі университеттің жеке 3D-принтерінде басылып шығарылды, сондықтан соңғы өнім бағасы біршама арзан болды.

Дайын робот-манипулятор жаңа корпустың бір дәрісханасында орналастырылған. Буындардағы иілгішті бейімділікті иілгіш тізбектің болуына қатысты оны әртүрлі салаларда қолдануға болады.

– Мысалы, машинажасау саласында бөлшектерді сұрыптау, фармацевтика саласында дәрі-дәрмектерді мөлшерлеу кезінде қолдануға болады. Жалпы белгілі, мысалы, робот-манипулятор – кран ойыншықтарды қармайтын өрмекші сияқты  дейді – «Энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы» кафедрасының доценті Артем Гурушкин. – Біздің робот-манипулятор 6 өсті, ол әртүрлі бағытта қозғалады, адаммен салысытрғанда 360 градусқа бұрылады. Сонымен бірге робот шаршамайды, берілген уақыт ішінде барлық тапсырманы орындайды. Бұл жерде адами фактор орын алмайды. Қол еңбегін механикалық еңбекпен ауыстырудағы мақсат – адамды осы жұмысты орындаудан босату және орындалатын жұмыстың дәлділігін арттыру.

Роботы жинау кезінде электр- және өрт қауіпсіздігі, сонымен бірге жобаның экологиялық мәселелері де қарастырылды, адам ағзасына шу және тербеліс, ультрадыбыстардың, ионды сәулелердің зиянды әсері анықталды, адамды осы зиянды факторлардан қорғау шаралары да қарастырылды. Дипломшы-студенттер өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының экономикалық дәйектемесін де ұсынды. Олардың есептеулері бойынша, робот экономикалық және жобаның бәскелестігі тұрғысынан тиімді, сонымен бірге осындай оқу жабдықтарын жасайтын ұқсас компания өнімі бір бірлік үшін 3,5 миллионнан астам қаржыны құрайды. Студенттердің өздері жасап шығарған роботы бірнеше есе арзанға түсті. Робот-манипулятор және 3D-принтер ҚМИУ қонақтарына және серіктестеріне, оның ішінде ҚР Парламент Мәжілісінің депудаттары және шетел мамандарына  мақтанышпен көрсетілді.

Казіргі уақытта манипуляторды баптауды зертханалық сабақта «Автоматтандыру және басқару» мамандығының үшінші курс студенттері жүзеге асыруда. Әртүрлі жылдамдық кезінде жұмыс жасаумен бірге бірнеше жұмыс тәртібін үйлестіру – мысалы айналыс және біруақытта көтеру, барлық жетектердің бірге жұмыс жасауы тексерілуде. Қазіргі таңда робот тек ғана қармау жұмысын орындайды, бірақта «қолы» әрі қарай әртүрлі операцияларды орындайтын болады.

«Энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы» кафедрасында оқу айларында «Электрон» үйірмесі жұмыс жасайды, осы үйірмеге кафедра қамқорлық жасайтын үш мектептің оқушылары және қМИУ жанындағы колледж студенттері қатысады. Осындай  сабақтарға Теміртау қаласының басқа мектептерінің оқушыларының қатысу мүмкіндіктері де қарастырылып жатыр.

ҚМИУ жасаған робот-манипулятор ағынды өндіріске қойылмайды, бірақта қала, облыс және республикалық білім ұйымдарына арналған оқу құрылғысы ретінде бірлі тапсырыстар түрінде жасалуы мүмкін.

Светлана ЕГОРОВА

Фото автордікі

 


Просмотров: 658