Теміртау қаласында өткен Ұлттық бірыңғай тестілеу қортындысы бойынша максималды балл – 130, ең төменгі балл – 18
[Дата публикации: 22.06.2018, 14:56:51, жариялауды: Баспасөз-орталығы]
ҰБТ пункті қалыптасқан дәстүр бойынша Қарағанды мелмекеттік индустриялық университетінде орналасты. Биылғы жылы мектеп түлектері үшін негізгі сынаққа 458 адам қатысты.
ҰБТ тапсыруға арналған өтініштерді қабылдау 10 наурыз және 10 мамыр аралығында өткізілді. ҰБТ тапсыру үшін Теміртау қ. және Ақтау кентінің 27 оқу орындарынан 481 түлек өтініші білдірді, бұл барлық түлектердің 55,4% (868 адам) құрады, оның ішінде 207 түлек қазақ тілінде, ал 274 түлек орыс тілінде білім алды.
ҰБТ тасыру үшін қазақ тілінде оқытатын мектептердің 204 түлегі, орыс тілінде оқытатын мектептердің 254 түлегі қатысты, 22 адам тестілеуге қатыспайтындарын білдірді, бір түлек 21 шілде күні Қарағанды қ. АКДА стационарлық емдеуге болды.
– Тестілеу 60 тан 120 дейінгі орынды бес дәрсханада өткізілді. ДКК анықтамасына қатысты екі 11 сынып түлектері үшін қордағы дәрісхана қолданылды – деп хабарлады ҚМИУ базасында орналасқан 724-ҰБТП жетекшісі Сауле Камарова. – ҰБТ ережелерін бұзудың алдын алу және қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету мақсатында онлайн-трансляциялы 11 бейнебақылау камерасы, ұялы телефондар дабылын тұншықтыратын 6 қондырғы, 4 қолды және 1 арқалы металл іздеуші құрылғы қолданылды.
Тестілеу пунктін автономды қордағы электрмен жабдықтайтын қондырғы дайындалды. ҚМИУ медбекеті алғашқы медициналық көмек көрсетуге қажетті дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз етілді, университеттің медициналық қызметкерлері кезекшілік ұйымдастырды. 08.06.2018 жылғы №191-НҚ нұсқауына сәйкес тестілеу барысын ҚР БҒМ өкілдері, бағдарламашы, ҰҚКД екі қызметкері қадағалады.
ҰБТ өткізу технологиясы 02.05.2017ж ҚР БҒМ №204 бұйрығымен бекітілген «Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу Ережелеріне» сәйкес жүзеге асырылды.
ҰБТ қортындысы бойынша шекті деңгейлі 50 балл және жеке пәндер бойынша 5 баллдан артық баллды 410 адам (89,5%) жинады.
Орташа балл шығармашылық емтиханды ескерумен 75,39 (2017 ж – 68,55), және шығармашылық емтихансыз 80,5 (2017ж – 70,85) құрады.
ҚМИУ баспасөз қызметі
Просмотров: 660