“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Болашақ мамандықты таңдау

[Дата публикации: 29.05.2018, 11:20:14, жариялауды: Баспасөз-орталығы]

 

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің өкілдері 26 мамыр күні Нұра ауданының Киевка кентінің мектептерінің 11 сынып оқушыларымен кездесті.

Мұндай кездесулер «Болашақ мамандықты таңдау» бағдарламасы шеңберінде Қарағанды облысының мектеп оқушыларымен тұрақты ұйымдастырылады. Осы кездесулер түлектерге мамандықты таңдаумен, осы мамандықтардың ерекшіліктерін білуге, студенттік қызықты өмірмен танысуға мүмкіндік береді.

ҚМИУ Қосымша білім орталығының жетекшісі Т. К. Акишев және «ТМжК» кафедрасының оқытушысы К. А. Азимбаев түлектерді университетте оқытылатын мамандықтар тізімімен таныстырды, сонымен қатар ҚМИУ жанындағы колледж туралы толық ақпаратты ұсынды және сұрақтарға жауап берді. Іс-шара соңында университет студенттері дайындаған концерттік бағдарлама ұсынылды.

ҚМИУ баспасөз қызметі


Просмотров: 791
29.05.2018, 11:20:14, Баспасөз-орталығы Тараулар: Жаңалықтар