“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Сіздерді шын жүректен Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтаймыз!

[Дата публикации: 05.05.2018, 14:48:43, жариялауды: Баспасөз-орталығы]

 

Біз мемлекетіміздегі бейбітшілікті, тұрақтылық және тыныш өмірді, дәстүрлі құндылықтарды сақтауға және қорғауға міндеттіміз. Біздің ортақ парызымыз – қазіргі жастар және келешек ұрпақтың бойында патриоттық сезімді, берік достықты, басты өнеге жеңісімізге деген құрметті қалыптастыру саналады.

Біздің батырларымыз, олардың ерліктері, ар-намыспен жеңіп алған Ұлы Жеңіс біздің ашық аспанымыздың белгісі. Ұлы Отан соғысы жылдары елімізді қорғаған аталарымызға құрметпен тағызым етеміз.

Сіздерге денсаулық, сәттілік, бақыт, махаббат және өзара түсіністік, біздің ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасына бейбіт өмір және береке тілейміз!

ҚМИУ ректоры, nехника ғылымдарының докторы,

профессор Бахыт Ахатұлы Жаутіков


Просмотров: 525