Жеке кәсіпкерлік дамуда
[Дата публикации: 11.05.2018, 11:10:32, жариялауды: Баспасөз-орталығы]
Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің студенттеріне арналған жеке кәсіпкерлікті дамыту бойынша семинар өткізілді.
3-4 курс студенттері алдында «Қазақстан Республикасындағы жеке кәсіпкерлікті дамытуды қолдау Ассоциациясы» ҚБ төрайымы Зульфия Ковалева және «Ұлттық кәсіпкерлер палатасы» теміртаулық филиалының директоры Азиз Оразұлы сөз сөйледі. Олар «Кәсіпкерлікке кіріспе», «Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау» тақырыптары бойынша маңызды мәселелерді ортаға салды.
Ұлттық кәсіпкерлер палатасының кеңесшісі Аскар Ешжанов студенттердің сұрақтарына жауап берді. Жастар талқылған мәселелер: бизнес-идеяны қалай жүзеге асыру керек? Мемлекеттік қолдауды, жер телімін және рұқсат құжаттарын қалай рәсімдеуге болады?
Семинарда арнайы салық тәртіптерін қолдану, олардың шарттары, ерекшеліктері және тиімділігі мен кемшіліктеріне қатысты мәселелер талқыланды. Сонымен бірге студенттер жалданатын еңбеккерлермен еңбек қатынасын рәсімдеу саласындағы кәсіпкерлердің қаттеліктері, сонымен қатар ҚҚС бойынша есепке қою және жастарға арналған мемлекеттік қолдау бағдарламаларына қатысты мәселелер жайлы пікірлерін ортаға салды.
– Келесі жылы біз университетті бітіреміз. Көптеген студенттер өзінің бизнесін ұйымдастыруды ойлайды – дейді «Э-15» тобының студенті Карина Смагулова. – біз бүгін өзімізге қажетті ақпараттарды білдік.
ҚМИУ баспасөз қызметі
Просмотров: 551