“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Бізге оқуға келіңіздер!

[Дата публикации: 03.05.2018, 17:55:58, жариялауды: Баспасөз-орталығы]

 

3 мамыр күні Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде теміртаулық мектеп түлектеріне арналған «Түлек – 2018» ашық есік күні өткізілді.

Мектеп түлектері алдында бүгін шешетін қиын сұрақтар тұр: қайда оқуға барамын?, Еңбек нарығында сұранысқа ие қандай мамандықты таңдау керек? Жастар ерекше толғандыратын сұрақ: қандай оқу орнына түсуге болады? Қандай  оқу орны  жоғары білім сапасымен ғана емес, сонымен қатар мен үшін әлемнің барлық елдерінде оның дипломымен жұмысқа орналасу мүмкіндігімен қамтамасыз ете алады? Бүгін осындай білімді Қазақстан Республикасының Бірінші Президентінің Альма-матері – Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті ұсынады.

ҚМИУ еліміздің жетекші техникалық жоғарғы оқу орындарының бірі саналады.  Жоғарғы оқу орнының  55 жылдық тарихында осы оқу орнында 23 мыңнан астам жоғары білікті мамандар білім алды. ҚМИУ түлектері тек ғана Қазақстанда ғана емес сонымен қатар алыс және жақын шетелдерде қызмет жасайды. Университет заманауи және бәсекеге қабілетті білім береді.

3 мамыр күні бас корпустың фойесінде түлектер  ҚМИУ әрбір кафедрасының тарихымен танысты, акті залында қонақтар үшін арнайы дайындалған концерттік бағдарлама ұсынылды. Көрермендер назарына университет жайлы фильм ұсынылды, осындан кейін Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры Г. А Сивякова  сөз алды. Ол сөзінің соңында ҚМИУ өткізілген латын шрифтіне арналған диктантты жазуға қатысқан белсенді қатысушылар  және жеңілпаздарды марапаттады.

Бұл күні тек ғана ресми және концерттік бағдарламадан басқада іс-шаралар ұйымдастырылды. Түлектер ҚМИУ тарихына арналған викторинаға қатысуға шақырылды. ҚМИУ жайлы ақпараттар фильмде, сахандағы көріністер, кіреберісте таратылған брошюраларда ұсынылды. Түлектерден «Біздің ең танымал түлегіміз кім?», «ҚМИУ неше мамандық бар?», «Қабылдау комиссиясының мекен-жайы және телефоны», «қай күннен бастап құжаттар қабылданады?» деген сұрақтарға жауаптар алынды. Сұрақтарға жауап берген түлектерге шағын сыйлықтар тапсырылды.

Осы күні ҚМИУ оқуға түсемін деп шешім қабылдған түлектер де болды. Олар саханаға шақырылды және неге біздің университетті таңдағандары туралы айтып берді, оларға ескерткіш сыйлықтар тапсырылды.

ҚМИУ студенттері толық қанды, қызықты студенттік өмірді жақсы оқумен ұштастырады. Университетте дәстүрлі байқаулар, фестивальдер және мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады, мысалы, «Студент қатарына қабылдау», «Гүлдене бер менің Қазақстаным», «Екі жұлдыз», «ҚМИУ Аруы және Сұлтаны» және т.б. саханаға оқу озаттары, Жастар ісі жөніндегі комитеттің көшбасылары, белсенді мүшелері, республикалық және өңірлік қоғамдық-саяси, мәдениетті-бұқаралық және спорт шараларына белсенді қатысушылар Карибжан, Т. Силаева, Н. Сарсенов, В. Базарбекова, А. Зиядова және С. Аманбаев шақырылды, олар  өздерінің жетістіктері, туған оқу орындары жайлы айтты.

Осы кездесу соңында түлектерге шын жүректен ҰБТ табысты тапсыруға арналған тілектер айтылды. Сонымен қатар біз оларды өзіміздің ҚМИУ асыға күтеміз.

ҚМИУ баспасөз қызметі

 


Просмотров: 571