“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Қазақ тіліндегі жаңа оқулықтар

[Дата публикации: 17.05.2018, 15:10:09, жариялауды: Баспасөз-орталығы]

 

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің кітапханасына 17 мамыр күні «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулықтар» бағдарламасының шеңберінде қазақ тіліне аударылған 1485 дана кітап жеткізілді.

Кітаптар Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің тапсырысы бойынша Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық ұйымы аударған. Оқулықтар мемлекетік қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы шеңберінде аударылған және басылған. «100 жаңа оқулықтар» жобасының жас ұрпаққа білім беру ісінде ақаратын рөлі маңызды.

– Жастар жоғары ғылыми стандарттарға сәйкес білім алулары керек – деп атап өтті ҚР Президенті Н.Назарбаев ағымды жылдың сәуір айында Астана қаласында өткен тұсаукесер шарасында. – Ғылыми таным – қазіргі кездегі ұлттың бәсекеге қабілеттілігінің негізгі шарты. Жаңа оқулықтар – бұл нағыз білім энциклопедиясы. Қазіргі таңда тек ғана білім әдістемесі ғана емес, сонымен бірге оның мазмұныда маңызды. Осыған байланысты «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жалпыұлтты оқытуды бес жыл ішінде  жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Әлемдік практикада осындай кешенді бағдарламаны жүзеге асыруға арналған мысалдар көп емес. Жаңа оқулықтар – бұл эксклюзивті гуманитарлық кітапхана. Ол үш форматта барлық адамдарға қолжетімді: әдеттегі қағаз түрінде, электронды онлайн-нұсқалар және үздік лекторлардың ашық дәрістерінің бейнежиынтығы форматында. Шетелде тұратын біздің жастар кітаптар латын графикасында басылып шыққан кезде оқуға мүмкіндік алады.

Қазақ тіліне аударылған кітаптар арасында – АҚШ, Ресей, Франция, Швейцария және Ұлыбритания елдерінің үздік интеллектуалды өнімдері. Аударма түпнұсқа тілден жасалған.

Аударылған және аударылып жатқан кітаптар тізімімен мына жерде танысуға болады: https://100kitap.kz/ru/books.

ҚМИУ баспасөз қызметі


Просмотров: 935