“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

«Үздік ғылыми-инновациялық идея»

[Дата публикации: 03.05.2018, 11:27:02, жариялауды: Баспасөз-орталығы]

 

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде «Үздік ғылыми-инновациялық идея» байқауы өткізілді, байқауға ҚМИУ студенттері және магистранттары, сонымен бірге №21 ЖОМ және №20 лицей-мектеп оқушылары қатысты.

Байқауға «Рухани жаңғыру: қоғамдық сананы жаңарту», «Металлургия – өнеркәсіп негізі» и «Цифрландыру және жаңа технологиялар» бағыттары бойынша 11 жұмыс ұсынылды.

Байқаудың негізгі мақсаты және міндеті:

– білімдік жалпы, орта, кәсіпті, техникалық және кәсіптік білім ұйымдарының оқушыларына және студенттер, магистранттар, жас ғалымдардың шығармашылық қызметін ынталандыру, олардың кәсіби маман ретінде қалыптасуына қолдау көрсету;

– озық инновациялық жобаларды анықтау және жүзеге асыру;

– экономика, өнеркәсіпті технологиялар, ғылым және инновацияның озық бағыттарындағы оқушы жастар және жас ғалымдардың зерттеу жұмыстарын шоғырландыру;

– өндірістік практикада ғылыми зерттеулер нәтижелерін жүзеге асыру бойынша ғылыми-инновациялық идеялар және бастамаларды қолдау.

Байқау комиссиясының мүшелерінің көп дауысын жинаған ғылыми-инновациялық идеялар байқау жеңілпаздары атанды. ТМЖ-17мғ тобының магистранты Роман Моисеев (ҚМИУ, жетекшісі, т.ғ.к., К.А. Ногаев) І орынды жеңіп алды. Оның жобасының тақырыбы  «Металлургия – өнеркәсіп негізі»  бағыты бойынша «Әзірленген технологиялық желісте байыту өндірісінің қалдықтарын қайта өңдеу мүмкіндіктерін зерттеу және анықтау». ІІ орынды №20 лицей-мектептің 11 сынып  оқушылары Николай Евименко және Ислам Раахад (жетекшісі химия пәнінің оқытушысы Г.А. Жаппарова) жеңіп алды. Олар «Органикалық химия пәні бойынша электронды оқу құралы» тақырыбы бойынша баяндама жасады. ІІІ орын МЖ-15 тобының студенті Бауыржан Жалғасовқа (ҚМИУ, жетекшісі аға оқытушы Г. А. Шаяхметова) берілді. Ол «Серпін-2017» аппаратын моделін жобалау» тақырыбы бойынша баяндама жасады. Жеңілпаздарға дипломдар және сыйлықтар тапсырылды.

ҚМИУ баспасөз қызметі


Просмотров: 756