«Қазақстан – бейбітшілік және келісім территориясы»
[Дата публикации: 14.05.2018, 15:06:24, жариялауды: Баспасөз-орталығы]
Қазақстан халықтары Ассамблеясының бастамасымен Қарағанды қаласында өткен «Қазақстан – бейбітшілік және келісім территориясы» атты бірінші ғылыми-практикалық конференцияға Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің студенттері және оқытушылары қатысты. Біздің университет өкілдерінің жасаған баяндамалары үздік деп танылды.
Халықтар Достығы үйінде Қарағанды, Астана, Теміртау, Петропавл және т.б. қалалардан келген қатысушылар жиналды. ҚМИУ атынан конференцияға алты адам қатысты.
Конференция модераторы ретінде қарағанды облысының Қазақстан халықтары Ассамблеясының ғылыми-сараптау тобының төрағасы Вилен Молотов-Лучанский қатысты. Пленарлық отырыста Қазақстанның бірнеше жоғары оқу орындарының өкілдері баяндама жасады. Әрі қарай панелді сессиялар «Қоғамдық сананы жаңғырту идеясын жүзеге асырудағы Қазақстан халықтары Ассамблеясының рөлі», «Әлеуметтік мемлекеттік және ұлттық әл-ауқаттың Қазақстандық моделі» және «Төртінші өнеркәсіпті революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» бойынша жұмыс жалғасты. Іс-шараға облыстың қоғам қайраткерлері, этникалық және конфесиялы келісім мүшелері, этномәдени бірлестіктер өкілдері, ғалымдар, докторантты, магистранттар және студенттер қатысты.
Тәжікстаннан келген ҚМИУ студенті Сухроб Ашуров «Қазақстан-тәжікстан арақатынасының шегі» тақырыбына арналған баяндамасын ұсынды, жетекшісі ҚМИУ «Қазақстан халықтары Ассамблеясы» кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к. Татьяна Семенова. Ол конференцияға өзінің ұлттық киімінде қатысты, бұл үлкен қызығушылық тудырды. Баяндама аяқтағлғаннан кейін бірнеше сұрақтар қойылды: «қазақстанда тәжіктерге деген қатынас қандай?», «Тәжікстанда қазақтар тұрады ма және олар қандай жағдайда өмір сүреді?», «Қазақстан-тәжікстан қарым-қатынасын дамыту үшін қандайц мемлекеттік ұйымдар және қорлар құрылған?».
Гуманитарлық ғылымдар магистрі, оқытушы Динара Жанабергенованың жетекшілігімен ҚМИУ бірінші курс студенті Савелий Елефтериади «Теміртау қаласының дамуына гректердің қосқан үлесі», ал ҚМИУ оқытушысы Магира Солтанның жетекшілігімен Саулет Куаныш «Жастар арасындағы толеранттылық мәселесi» тақырыбына арналған баяндамалар дайындады.
Конференция қортындысы бойынша резолюция қабылданды, ал барлық қатысушылар фотоға түсті және оларға сертификат тапсырылды.
ҚМИУ баспасөз қызметі
kelisim.kz сайтынан конференция қатысушыларының фотосы
Просмотров: 688