“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Бірыңғай ақпараттық сағат  

[Дата публикации: 16.05.2018, 15:28:55, жариялауды: Баспасөз-орталығы]

 

16 мамыр күні Қарағанды индустриялық университетінде «Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі органдарының қалыптасуының 20 жылдығына» атты бірыңғай ақпараттық сағат өткізілді.

ҚИУ тәрбие ісі және жастар саясаты департаментінің директоры М.М. Салпенова  және «Қазақстан тарихы және әлеуметті-гуманитарлық пәндер» кафедрасының оқытушысы  М. Солтан Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Стратегиясы, «100 нақты қадам» Ұлттық жоспары және жалпы еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарылып жатқан істер жайлы баяндады.

Тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Т. Байгабатов студенттерге мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатысты заң талаптарын, сонымен бірге осы қызметтің қалыптасу және даму кезеңдерін жан-жақты түсіндірді.

Студенттер жүзеге асырылып жатқан  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар шараларының тиімділіктері, жүзеге асырылып жатқан іс-шаралардың маңыздылығы жайлы пікірлерін және ұсыныстарын ортаға салды. Қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты.

ҚИУ баспасөз қызметі

 


Просмотров: 790