“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Түлектерге жұмысқа орналасуға көмектесуде

[Дата публикации: 20.04.2018, 17:26:35, жариялауды: Баспасөз-орталығы]

 

20 сәуір күні ҚМИУ жыл сайынғы дәстүрлі «Түлектер жәрмеңкесі» өткізілді. Биылғы  университет түлектері жиырмадан астам кәсіпорын және ұйымдарының өкілдерімен кездесті, оның ішінде «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, Теміртау электрметаллургиялық комбинаты, Текелі тау-кенді қайта өңдеу комбинаты, «Авангард-Строй» ЖШС,  Қазақстан Республикасының ірі банктері, қалалық еңбекпен қамту орталығы, салық басқармасы және т.б. ұйымдардың өкілдері болды.

Жұмыс берушілер түлектердің түйіндемесімен танысты, олардың іскерлік қасиеттерін бағалады, үміткерлерге арналған салыстырмалы талдауды және өздерінің жұмыс жағдайларын ұсынды. Студенттер бос жұмыс орындарымен танысты және міндеттер тізіміне кіретін мәселелерге, еңбекақы мөлшері, кәсіпби жоғарлау және әлеуметтік кепілдіктерге қатысты сұрақтарын қойды.

Жәрмеңке шеңберінде «домалақ үстел» өткізілді, онда жас мамандарды жұмыспен қамтамасыз етуге қатысты өзекті мәселелер және олардың еңбек нарығына бейімделуі, атқарушы үкімет орындары, еңбекпен қамту орталықтары, жұмыс беруші және білім ұйымдарының арасындағы өзара ынтымақтастық бағыттары талқылады.

«Түлек 2018» жәрмеңкесінің қорындысы бойынша бес адам әңгімелесуге жолдама, ал 27 түлек нақты жұмысқа шақыру алды.

 

Ульяна Шарафутдинова,  «Есеп және аудит-14» тобы:

– Жәрмеңкеде мен қандай ұйымдарға қызметкерлер керек екенін білдім, бірақта жұмысқа орналасу үшін оларға жоғары білім туралы дипломды алған кезде барамын. Сонымен бірге «1с-бухгалтерия» курсын бітіру қажет, сонда жоғары еңбекақылы лауазымға жұмысқа орналасуға болады.

Руслан Кудайбергенов, «Экономика-14» тобы:

– Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін ұйымдастыру өте маңызды шара. Жоғарғы оқу орны бізге жұмысқа орналасуымызға көмектесетіні қуанышты. Бұл жерде барлық жұмыс берушілер жиналады – оларды қала бойынша іздеп уақытыңды босқа жоғалтпайсың. Біз алдын ала өзіміздің түйіндемелерімізді электронды түрде дайындадық. Сондықтан түйіндемелеріміз оларға жинақ түрінде ұсынылды. Қысқа уақытта қандай бос жұмыс орындары бар екенін және олар қандай талаптар қоятынын білдік.  Маған «АрселорМиттал Теміртау» АҚ «ТОП100 инженерлер» бағдарламасы бойынша үш жылдық оқу бағдарламасынан өту ұнады, кейін комбинатқа жұмысқа тұру мүмкіндігі ұсынылады. Мен казір әртүрлі мүмкіндіктерді қарастырып жатырмын.

Индира Стамкулова, «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы-14» тобы:

– Жәрмеңке маған біздің облысымызда көп кәсіпорындардың жұмыс жасайтынын білуге мүмкіндік берді, менің мамандығым нарықта сұранысқа ие. Көптеген қызық ұсыныстар түсті, мен болашақта жұмысқа қай жерге орналасатыным туралы ойлануға бұл жақсы мүмкіндік.

ҚМИУ баспасөз қызметі

 

 

 


Просмотров: 686