“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚМИУ «Тілдарын» байқауы өтті

[Дата публикации: 18.04.2018, 13:48:37, жариялауды: Баспасөз-орталығы]

 

Университет қабырғасында қалалық «Тілдарын» байқауы өткізілді. Оған ҚМИУ жеті студенті, «Мирас» көпбейінді колледждің, Сауда және тамақтандыру колледжінің бірнеше өкілдері қатысты.

«Тілдарын» байқауының мақсаты мен міндеті – үш тілді (қазақ, орыс, ағылшын) жетік білетін оқушыларға қолдау көрсету, тіларалық қармы-қатынас мәдениетін қалыптастыру, көптілді жеке тұлғаны тәрбиелеу, қазақстандық патритотизм сезімін нығайту, бәсекелестікке қатысты жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу.

Байқау үш кезең бойынша өткізілді, онда ұсынылған тақырыптар («Современный научно-технический прогресс», «Великие люди казахской степи», «Многоязычие – востребованность времени», «Рухани жаңғыру» и «Переход на латиницу») бойынша эссе жазу және мәтінді синхронды аудару орындалды. Бірінші кезеңде тапсырмалар қазақ тілінде, екінші кезеңде – ағылшын, үшінші кезеңде – орыс тілдерінде орындалды. Келесі кезеңге алдыңғы кезеңнен өткен қатысушылар ғана қатысты. Бұл байқаудың міндетті шарты.

Байқау қортындысы бойынша бірінші орынды Асемай Пушанова (ҚМИУ М-16қ тобы), екінші орынды – Нурасыл Тарасов (ҚМИУ, ТМЖ-17қ тобы) және Касымхан Ережеп (ҚМИУ, ЕТжБҚ-17қ тобы), үшінші орынды – – Умид Ирискулов (ҚМИУ, ЕТжБҚ-1қ тобы) және «Мирас»  колледжінің студенті Умида Тастурсинова жеңіп алды.

Байқаудың барлық жеңілпаздарына сыйлықтар және сертификаттар тапсырылды. Асемай Пушанова Теміртау қаласының атынан облыстық «Тілдарын»байқауына қатысады.

ҚМИУ баспасөз қызметі

 


Просмотров: 574