“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Жастардың Төртінші өнеркәсіптік  революция әлемдегі ғылыми шығармашылығы

[Дата публикации: 16.04.2018, 17:07:27, жариялауды: Баспасөз-орталығы]

 

2018 жылдың 12-13 сәуір күндері Қарағанды индустриялық университеті және Михаил Остроградский атындағы Кременчуг ұлттық университетімен (Украина) бірге «Жастардың Төртінші өнеркәсіптік  революция әлемдегі ғылыми шығармашылығы» атты XLVIII республикалық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді.

Конференция жұмысына Қазақстанның  жоғары оқу орындарының профессорлы-оқытушылар құрамы, қызметкерлері және шетелдік әріптестер, кәсіпорындар өкілдері және білім мекемелерінің докторлары, магистранттары және студенттері қатысты. Конференц-байланыс бойынша ұйымдастыру комитетінің төрағасы, Михаил Остроградский атындағы Кременчуг ұлттық университетінің Электрмеханика, электрүнемдеу және басқару институтының директоры профессор А. П. Черный қатысушыларды конференцияның ашылу салтанатымен құттықтады.

Пленарлық отырыста ҚМИУ ғылыми істер және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры А. А. Айкеева сөз алды. Ол өзінің сөзінде  Басшысының алға қойған мақсаттарына, оның ішінде әлемдік озық елдер қатарына ену үшін қазақстандық білімді жаңа деңгейге  көтеру мәселелері туралы айтты. Басшысының Қазақстан халқына арналған Жолдауында ғылыми әрекеттің және білімдік үрдістің интеграциялануының маңыздылығы атап өтілген. Н.Ә.Назарбаев жаңа «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында жаңа даму мүмкіндіктері» Жолдауында жаңа міндеттер айқындалды, осы міндеттерді жүзеге асыру барысында еліміз жылдам өзгеретін жаңа әлемге жағдайына табысты икемделеді. Алтын Аманжолқызы ҚМИУ ғылыми-инновациялық және халықаралық қызметі, жақын жылдардағы университет жоспары туралы айтты және конференция қатысушыларына табысты жұмыс атқаруды тіледі.

«Cisco» желісті академияда оқыту және оның әрі қарай табысты жұмыс жасауы жайлы пленарлық отырыста ҚМИУ жас маманы Д. Токсеит хабарлама жасады. «Топырақтарды зертханалық сынау» атты баяндаманы Қ-16ғм тобының магистранты А. Касенова тыңдаушылар назарына ұсынды. Компанияны тиімді басқару инструменттері жайлы Э-15 тобының студенті Т.Силаева ойын ортаға салды. Осыдан кейін бас және жаңа коропус дәрісханаларында  әртүрлі бағыттар бойынша тоғыз секция өз жұмысын жалғастырды. Өздерінің баяндамаларын С.Тойайғыров атындағы Павлодар университеті, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Қ. Сатпаев атындағы ҚазҰТУ студенттері, магистранттары, колледж және жалпыбілімдік мектептердің оқушылары көпшілік назарына  ұсынды.

Конференцияда барлығы 360 баяндама, оның көпшілігі «Технология және машинажасау саласының өзекті мәселелері», «Металлургия және металтану саласын дамыту және инновациялар», «Архитектура және құрылыс», «Әлемдік экономиканы жаһандандыру жағдайында Қазақстандағы бизнесті дамыту» секциялары бойынша ұсынылды. Баяндамалар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жасалды.

ҚМИУ студенттері И. Стамкулова (МжЖМТ-14 тобы, «Металлургия және металтану саласын дамыту және инновациялар» секциясы), Ю. Франц (МҚӨТ-15с тобы, «Технология және машинажасау саласының өзекті мәселелері» секциясы), А. Мусин (ОЗХТ-14 тобы, «Химия, химиялық технологиялар және экология» секциясы), А. Смайл және А. Батырбек ( ЭЭ-15қ тобы, “Жылуэнергетика, электрэнергетика және өндірісті автоматтандыру» секциясы), Д. Прохорович (ЕТжБҚ-15 тобы, секция «Заманауи физика-математикалық ғылымдар және ақпараттық технологиялар» секциясы), А. Сапар (Қ-15қ-2 «Архитектура және құрылыс» секциясы), Д. Сейдуллаев және А. Турсунов (Э-17 тобы, «Әлемдік экономиканы жаһандандыру жағдайында Қазақстандағы бизнесті дамыту» секциясы), С. Қуанышқызы (МҚӨТ-17қ-3 тобы, «Қоғамдық сананы жаңғыртудағы әлеуметтік-гуманитарлық пәндер рөлі» секциясы), С. Елефтериади (МҚӨТ-17тобы, секция «Филологиялық ғылымдар» секциясы) үздік нәтижелер көрсетті.

Табысты және қызықты жұмыс күнінің соңында комиссия жұмыс қорытындысын шығарды. Конференцияның салтанатты жабылу шарасында үш бірінші орын жеңілпаздарына грамоталар және сыйлықтар, жеңілпаздарды осы конференцияға дайындаған оқу орындарының жетекшілері және педагогтарына Алғыс хаттар тапсырылды.

ҚМИУ баспасөз қызметі


Просмотров: 8  940