«Үздік студент 2018 жыл»
[Дата публикации: 30.04.2018, 15:01:58, жариялауды: Баспасөз-орталығы]
ҚМИУ екі өкілінің «Үздік студент» республикалық жоба шеңберінде «Жас Қыран» студенттік кітапша жиынтығының бірінші санында суреттері жарияланды. Ұйымдастырушы «Келісім көпірі» қоғамдық қоры
Кітапқа өтінім «Ғылым», «Өнер» «Спорт» бағыттары бойынша табысты студенттерден, сонымен қатар студенттік ұйымдар төрағаларынан және белсенді студенттерден қабылданды. Кітапта «Алтын белгі» иегерлері, халықаралық, республикалық, өңірлік олимпиада және конференциялар лауреаттары, қоғамдық жастар қозғалысының көшбасшылары және белсенділері, Қазақстанның Ұлттық құрамасының мүшелері, Олимпияда ойындары, халықаралық және спорт жарыстарының жеңілпаздарының есімдері жазылған.
ҚМИУ атынан бірнеше студент өздерінің өтінімдерін жіберді. Қортындысында «Жас Қыран» кітапбына екі болашақ экономистер – Татьяна Силаева және Айтадж Зиядованың есімдері жазылды. Олар оқу озаттары, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады.
– Байқауға қатысу үшін өзімнің өмірбаяным және фотосуреттімді, сонымен бірге қоғамдық жұмыстар бойынша алған дипломдар мен алғыс хаттар көшірмесін жібердім – дейді Айтадж Зиядова. – Құжаттар үш тілде қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қабылданды.
27 сәуір күні қыздар Қазақстанның әртүрлі жоғарғы оқу орындарының студенттерімен бірге Астана қаласында «Тiлеп қобыз сарайы» конференц-залы кешенінде өткен салтанатты марапаттау шарасына қатысты. Әрбір қатысушыға «Жас Кыран» кітабы, «Үздік студент 2018 жыл» арнайы белгісі және арнайы куәлігі тапсырылды.
– Бізге берілген кітапқа Қазақстан Республикасының Елтаңбасының авторы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Л.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің профессоры Жандарбек Малібекұлының қолтаңбасы қойылған – дейді Татьяна Силаева.
Іс-шара қатысушыларына арналған, концерттік бағдарлама, үздік студенттердің ұжымды фототүсірілімі, Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайына экскурсия ұйымдастырылды.
ҚМИУ баспасөз қызметі
Просмотров: 1 185