Мамандықтар фестивалі
[Дата публикации: 20.04.2018, 16:23:22, жариялауды: Баспасөз-орталығы]
14 сәуір күні Маңғыстау облысы Ақтау қ. «Мәңгілік ел жастары – индустрияға! – Серпін» әлеуметтік жобасы шеңберінде облыстық мамандықтар фестивалі өткізілді.
Фестиваль мақсаты – ҚР БҒМ «Серпін» әлеуметтік жобасының жұмыс жоспарына сәйкес Маңғыстау облысының мектеп түлектеріне арналған кәсіпті бағдар жұмысын ұйымдастыру. Фестивалді ұйымдастырушы Маңғыстау облысының білім басқармасы.
Фестиваль шеңберінде ұйымдастырылған көрмеге осы әлеуметтік жобаға қатысушылар – Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Павлодар, Қостанай, Шығыс-Қазақстан, Қарағанды облыстарының университеттері және колледждері қатысты. ҚМИУ «Энергетика, көлік және басқару жүйелері» факультетінің деканының орынбасары К. Капашева, Қарағанды облысының өкілі ретінде қатысты және пленарлық отырыста баяндама жасады. Ол өзінің баяндамасында бағдарламаның жүзеге асырылуы, Мемлекет Басшысының алма-матері саналатын жоғары оқу орнының жетістіктері, «Мәңгілік ел жастары – индустрияға! – Серпін» әлеуметтік жобасы шеңберінде оқып жатқан студенттерге арналған тәрбие жұмыстары және студенттердің әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерін шешу туралы толық айтты.
ҚМИУ баспасөз қызметі
Просмотров: 730