Қазақ халқының ұлы тұлғасы
[Дата публикации: 01.03.2018, 17:17:29, жариялауды: Әкімшілік]
“Мәңгілік ел жастары – индустрияға!” – “Серпін” мемлекеттік әлеуметтік жобасы бойынша ҚМИУ-да оқитын 142 техникалық мамандықтың студенттері Қазақ ойшылының 350 жылдығына арналған “Қаз дауысты Қазыбек би” қойылымында болды.
Қарағанды облыстық С. Сейфуллин ат. Қазақ драма театрының қойылымы Теміртау қаласында «Жас көрермендер» театрының сахнасында өтті. Сапар ұйымдастырушысы «Энергетика, көлік және бақылау жүйелері» факультетінің декан орынбасары Ж.К. Қапашева болды.
– Осындай қойылымдарда тарих желісі анық байқалады, сондай-ақ қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған қазақ халқының құндылықтары, – дейді Жания Құдайбергенқызы. – Қазақ халқының ұлы тұлғасының қызметі мен шығармашылығы, оның мемлекет тарихындағы маңыздылығы мен құқығы туралы қойылым біздің студенттерімізді бей-жай қалдырмады. Олар ойшылдың шешендік өнеріне және оның жеке басына қатысты көптеген жаңа тарихи деректерді ашты.
ҚМИУ баспасөз қызметі
Просмотров: 762