Бастау берілді!
[Дата публикации: 13.03.2018, 17:47:58, жариялауды: Баспасөз-орталығы]
Ертеден келе жатқан дәстүр-ҚМИУ оқытушылары мен қызметкерлері арасында Спартакиаданы өткізу біраз үзілістен кейін қайта бастауын тапты. 13 наурыз кешке университеттің спорт ғимаратында спорттың төрт түрі – асық, дартс, үстел теннисі және гир көтеру бойынша жарыстар басталды.
Төрелікті ҚМИУ-дің дене тәрбиесі секциясының оқытушылары қамтамасыз етеді. 14 наурызда қатысушылар дойбы мен шахматтан жарыс кезінде өз шеберліктерін көрсетеді. Сол күні футбол командалары да алаңда кездеседі. 15 наурыз – Спартакиада бағдарламасында – волейбол және тоғызқұмалақ.
– Жарыс 16 ақпанда аяқталады – қатысушыларды эстафета және арқан тарту күтуде, – дейді жарыстың бас төрешісі Раиса Колесникова. – Сол күні барлық спорт түрлері бойынша жалпы командалық және жеке ұпайларын қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау өтеді.
ҚМИУ баспасөз қызметі
Просмотров: 690