“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Болашақ мамандық таңдауға бағытталған жұмыстар

[Дата публикации: 01.03.2018, 09:55:52, жариялауды: Баспасөз-орталығы]

 

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің өкілдері ҚР Президентінің Жолдауын түсіндіру бойынша білім беру ұйымдарының ұжымдарымен, сондай-ақ болашақ мамандықтарды таңдау бойынша облыс мектептерінің 9-шы және 11-ші сыныптар түлектерімен кездесулер өткізуді жалғастыруда.

«Металлургия және машинажасау» факультетінің деканы Д.К. Мусин және ҚМИУ жанындағы Техникалы-экономикалық колледж директорының орынбасары Т.Қ. Әкішев 23 ақпанда Шахтинск қ. барып, Технологиялық колледждің қызметкерлерімен және студенттерімен кездесті. Д.К.Мусин адами капиталды дамытуға ерекше көңіл бөле отырып, Президент Жолдауының негізгі бағыттары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Сондай-ақ, Шахтинск қ.  мектеп бітірушілерімен кездесулер өткізілді,  онда Д. К. Мусин мен Т. Қ. Әкішев университеттің және ҚМИУ жанындағы колледждің барлық мамандықтары, олардың ерекшеліктері мен қажеттіліктері туралы, сонымен қатар оқуды бітіргеннен кейін жұмысқа орналасу салалары туралы айтты.

ҚМИУ баспасөз қызметі


Просмотров: 639