“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚМИУ студенттеріне полиция қызметкерлерінің жұмыс күндері туралы фильм көрсетілді

[Дата публикации: 13.03.2018, 15:03:44, жариялауды: Баспасөз-орталығы]

 

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде Теміртау қ. ІІБ кадрлар бөлімінің бастығы, полиция капитаны Берік Бектасов болып қайтты. Ол студенттерге тәртіп сақшыларының күрделі және жауапты жұмысында сөзсіз кездесетін қиындықтар мен қуаныштар туралы айтып берді.

Нақты тарих негізінде түсірілген полиция қызметкерлерінің күнделікті тыныс-тіршілігі туралы фильм ешкімді бей-жай қалдырған жоқ. Тәртіп сақшылары көрсетілген сюжет көмегімен жастарды қиын, бірақ абыройлы, біздің күнделікті өмірімізді қауіпсіз ететін, жиі болмаса да полиция қызметкерлерінің өміріне қауіп төндіретін жұмыспен жақын танысады деп үміттенеді.

Сонымен қатар, Берік Бектасов студенттерге ведомстволық жоғары оқу орындарына – ҚР ІІМ-нің Алматы және Қарағанды Академияларына, сондай-ақ Қарағанды, Қостанай және Ақтөбе Заң институттарына қабылдау шарттары туралы айтып берді, онда екінші жоғары білім алуға болады.

ҚМИУ баспасөз қызметі


Просмотров: 590