ҚИУ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде бірыңғай ақпараттық сағат өтті
[Дата публикации: 14.03.2018, 16:02:35, жариялауды: Баспасөз-орталығы]
14 наурыз Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде бірыңғай ақпараттық сағат өтті. Шараға Қарағанды индустриялық университетінің екі жүзден астам студенті қатысты.
Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Астана қ. уақыты бойынша сағат 11.00-де университетте «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қалыптасуының 20 жылдығы» атты тақырыбында ақпараттық сағат өткізілді. ҚИУ тәрбие ісі және жастар саясаты Департаментінің директоры М.Салпенова және «ҚТжӘГП» кафедрасының оқытушысы М.Солтан студенттерге сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және алдын алудың маңыздылығы туралы ақпарат берді. Содан кейін жақында “Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз” атты университеттік эссе конкурсының жеңімпаздары болған бірінші курс студенттері Мақсат Тұрымов, Ақнұр Хишат және Мейрамгүл Абдулова өздерінің жұмыстарымен ұсынды.
Студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде іс-қимылдың тиімділігі туралы өз пікірлерін білдірді, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша өткізілетін шаралардың маңыздылығын атап өтті, осындай алдын-алу жұмыстарын балабақшадан бастауды, сондай-ақ жемқорлар үшін жауапкершілікті күшейтетін шаралар енгізуді ұсынды. Әрбір қазақстандық ең алдымен, өзінен бастауы керек деген пікірлер айтылды. Егер қандай жағдай болмасын пара алмайтын және бермейтін болса, онда уақыт өте келе бұл зиянды құбылыс қоғамда жойылады.
ҚИУ баспасөз қызметі
Просмотров: 767