ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары – Мемлекет Басшысының бес әлеуметтік бастамалары туралы
[Дата публикации: 30.03.2018, 17:40:54, жариялауды: Баспасөз-орталығы]
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Альма-матеры болып табылатын Қарағанды индустриялық университетінде 30 наурыз 2018 жылы ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының студенттер, магистранттар, жас ғалымдармен және оқытушылармен кездесуі өтті. Құрметті қонақтар сапарының басты мақсаты – Мемлекет басшысының бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру тетіктерін түсіндіру.
Бұл күні ҚИУ-дың қонақтары: Бейбіт Баймағамбетұлы Мамраев – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі Комитетінің хатшысы, «Нұр Отан» партиясының экономикалық саясат жөніндегі Кеңесінің жетекшісі; Кәрібай Иманжанұлы Мұсырман – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі Комитетінің мүшесі; Василий Иванович Олейник – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, заңнама және сот-құқықтық реформа жөніндегі Комитетінің мүшесі болды.
Биылғы жылы ҚИУ 55 жылдық мерейтойын атап өтеді. Бүгінде ол Қазақстанның металлургия саласындағы жетекші техникалық ЖОО. Тәуелсіздік жылдары ҚИУ-да 25 мыңнан астам маман инженерлік білім алды. Ағымдағы жылдың 5 наурызында Мемлекет басшысы айтқан бес әлеуметтік бастамасы заманауи экономикалық жағдайда болашаққа үлкен сенім мен белсенділік сезімін ұялатады және қазақстандықтардың тағдырына терең алаңдаушылықты куәландырады. Барлық бастамалар еліміздің әрбір азаматының өмірінің маңызды аспектілеріне қатысты және халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсартуға бағытталған.
Университетте сандық оқу-өндірісін құру және оқу процесінде Индустрия 4.0 элементтерін іске асыру үшін кеңейтілген базалық алаң құрылды. ЖОО-да студенттік жастарды жан-жақты дамыту үшін барынша қолайлы жағдайлар жасалды – бұл сабақтарға да, белсенді сабақтан тыс іс-шараларға да қатысты. Басқа қалалардан келген студенттер толық жатақханамен қамтамасыз етілген, олардың жайлы тұруы үшін барлық жағдай жасалған.
Университет ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың әлеуметтік бастамаларын белсенді түрде қолдайды, оның жүзеге асырылуы жастарға толығымен мемлекет тарапынан қолдау мен қамқорлықты сезінуіне мүмкіндік береді.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары үшін ҚИУ бойынша экскурсия ұйымдастырылды, оның барысында бірегей жабдықтармен жабдықталған жоғары технологиялық зертханалары көрсетілді. Сондай-ақ, қонақтар көп жылдық тарихы бар университет мұражайына және жақында ашылған “Рухани жаңғыру” кеңсесіне барды, содан кейін ЖОО студенттерімен және оқытушыларымен дөңгелек үстел өтті.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бейбіт Мамраев Мемлекет басшысының бес әлеуметтік бастамасының маңызы туралы айтты, сондай-ақ оларды жүзеге асыру механизмдерін егжей-тегжейлі және қол жетімді түсіндірді. Ол мемлекеттік жоғары оқу орындарында білім алу маңыздылығын атап өтті, білім беру гранттар санының ұлғайғанына назар аудартты, соның ішінде техникалық мамандықтар бойынша. ҚИУ студенттері қазақ әліпбиін латын қарпіне ауыстыру перспективалары, жастарды жұмысқа орналастыру және басқа да көптеген мәселелер туралы өзекті және маңызды сұрақтар қойды. Бейбіт Баймағамбетұлы толық жауаптар берді және әрбір студенттің негізгі міндеті – сапалы білім алу және бұл мақсатқа қол жеткізу үшін еңбек нарығындағы өзінің бәсекеге қабілеттілігін көрсете отырып, өз күшімен жету қажет екенін атап өтті.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Кәрібай Мұсырман әлеуметтік-осал санат, көпбалалы отбасылар және аз қамтылған отбасылар, сондай-ақ жетім балалар қатарындағы студенттерді мемлекеттік қолдауға қатысты сұрақтарға жауап берді. Оның айтуынша, жетім балалар үшін мемлекет тарапынан оқуға гранттар бөлінеді. Сонымен қатар, Кәрібай Иманжанұлы “Мәңгілік ел жастары – индустрияға!” – “Серпін” мемлекеттік әлеуметтік жобасы бойынша оқитын студенттердің жоғары оқу орындарын бітіргеннен кейін жұмысқа орналасу туралы сұрақтарға жауап берді, сондай-ақ одан әрі жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу бөлігінде осы жобаны жүзеге асыру жолдарын түсіндірді.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Василий Олейник әлеуметтік-маңызды санаттарды қолдау бойынша заңнамалық актілерге қатысты сұрақтарға жауап берді.
Қонақтар өз сөздерінде жаңа білім беру бағдарламаларын іске асыру және жоғары білікті мамандарды даярлау үшін ҚИУ-дің жақсы материалдық-техникалық базасын атап өтті.
ҚИУ баспасөз қызметі
Просмотров: 755