“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚМИУ ректор Кубогына арналған футболдың дәстүрлі турнирі аяқталды

[Дата публикации: 20.02.2018, 12:13:07, жариялауды: Баспасөз-орталығы]

 

Жарыс 7 – 16 ақпан аралығында университеттің спорт залында өткізілді. Турнирге жүзден аса студент он екі команда атынан қатысты.

Топтардағы ойын айналым жүйесі бойынша жүргізілді,  финалға екі команда шықты. Қиылысу ойындары барысында жеңімпаздар анықталды. Бітіруші курс студенттерінен тұратын “Раста” командасы көшбасшы болды. Екінші орында – «Ордабасы» командасының үшінші курс студенттері, ал үшінші орынды «Адидас» командасы алды. Турнирдің үздік шабуылшысы – “М-16к” тоб. студенті Мұхтархан Елнұр, үздік қақпашы – Арыстан Ержігіт («ККТжТ-16 k» т.) деп танылды.

– Жарыс жақсы деңгейде, ешқандай жарақатсыз және наразылықсыз өтті. Жарыста жоғары курс студенттері төрелік етті. Финалдық ойындарға халықаралық дәрежедегі судья Нурмустафина Эльвира қызмет етті. Жеңімпаздар, жүлдегерлер мен үздік ойыншылар кубокпен, грамоталармен және жүлделермен марапатталды, – деп атап өтті жарыстың бас төрешісі, ҚМИУ дене тәрбиесі бөлімінің оқытушысы Раиса Колесникова.

ҚМИУ баспасөз қызметі


Просмотров: 594