“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Барлығы жәрмеңкеге

[Дата публикации: 16.02.2018, 17:39:00, жариялауды: Әкімшілік]

 

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау бөлімі 13 ақпанда ҚМИУ ғимаратында Теміртау қаласының әкімі аппаратының бастамасымен мемлекеттік қызмет жәрмеңкесін өткізді. Халықты көбірек қамту үшін бұл іс-шара қала басшысының есепті кездесуінің алдында өткізу туралы шешім қабылданды

 

Жәрмеңкеге мемлекеттік кірістер басқармасының, әділет басқармасының, көші-қон полициясы бөлімінің, ХҚКО, әлеуметтік төлемдер және басқа да бойынша ведомствоаралық есептік орталықтың өкілдері қатысты.

Бұл күні 150-ден астам теміртаулықтар мемлекеттік қызмет көрсетудің білім, әділет, көші-қон, мемлекеттік табыс, тұрғын үй, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау сияқты ең қажетті салалары бойынша кеңестік-әдістемелік көмек алды. Сонымен қатар, ХҚКО-ның қызметкерлерімен «электрондық үкімет» порталын пайдалану дағдылары бойынша оқыту өткізілді.

Жәрмеңкеде мемлекеттік органдардың қызметі туралы бейнероликтер көрсетілді, брошюралар таратылды, стендтерде көрнекі ақпарат орналастырылды. Қала әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекеттік қызметтер көрсететін бейінді бағыттың мамандары  тарапынан халыққа кәсіби қолдау көрсетілді, сондай-ақ электрондық цифрлық қолтаңбаны алу мүмкіндігі ұсынылды. Теміртау қ. кез-келген тұрғыны қызықтырған мәселелер бойынша қажетті кеңестер ала алды және мемлекеттік органдардың жұмысы туралы өз пікірін білдіре алды.

 

 

 

 

 

ҚМИУ баспасөз қызметі

 


Просмотров: 469
16.02.2018, 17:39:00, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар