“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Барлық тілдердегі жаңа әдебиеттер – ҚМИУ кітапханасында

[Дата публикации: 01.02.2018, 15:39:16, жариялауды: Әкімшілік]

 

 

ҚМИУ кітапханасының оқу залында 31 қаңтардан 2 ақпанға дейін профессорлық-оқытушылық құрамы мен барлық курстардағы студенттерге арналған «Жаңа әдебиеттер» ашық көрмесі өтеді.  Бұл көрме ағымдағы оқу жылының бірінші семестрінде университет кітапханасының қорына түскен барлық оқулықтар мен оқу құралдарын ұсынады, бұл шамамен бір жарым мың дана және 40  астам атаулар.

Барлық әдебиеттің 30%- ға жуығы ағылшын тілінде, 60% мемлекеттік, 10% орыс тілінде. Кітаптар “ССК”, “Эверо” және “CyberSmith” баспаларынан сатып алынды.  Ең алдымен, TMжК кафедрасының жолы болды, өйткені сатып алынған әдебиеттің көп бөлігі оның пәндеріне арналған. «Құрылыс», «ЭжАЕТ» және «МҚӨ» кафедраларының оқу үрдісіне жаңа оқулықтардың бірнеше түрі көмектеседі.

ҚР жоғары оқу орындарының Қауымдастығы 490 кітап (18 атау) тегін ұсынды. Бұл ағылшын тіліне аударылған қазақстандық ғалымдардың әдебиеттері. Сонымен қатар, қазақ тілінде 110 кітап (8 атау) түсті – бұл ағылшын тілінен аударылған танымал ғалымдардың оқулықтары. Негізінен бұл – химия, металлургия және информатика бойынша әдебиеттер.

– ҚМИУ сайтында біз үнемі біздің қорға келетін кітаптардың тізімін жариялаймыз, – дейді кітапхананың меңгерушісі Светлана Носкова. – Бірақ біз мұғалімдер мен студенттердің жаңа оқулықтармен жақын танысқанын, оларды қолында ұстағанын, мазмұны және аңдатпасын оқығанын, жұмысқа ыңғайлы болу үшін өздеріне жазба жасағанын қалаймыз. Біздің көрменің негізгі мақсаты –  оқу үрдісінде жаңа әдебиеттерді пайдалануды қамтамасыз ету болып табылады.

ҚМИУ баспасөз қызметі

 


Просмотров: 535
01.02.2018, 15:39:16, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар