Австралиядан келген қонақтар студенттерге өз елі туралы айтты
[Дата публикации: 22.02.2018, 15:24:50, жариялауды: Баспасөз-орталығы]
Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде австралиялық кәсіпкерлердің бірінші, екінші және үшінші курс студенттерімен кездесуі өтті.
Австралиялық бизнесмендер Дэвид пен Денис бір сағат бойы презентацияны пайдалана отырып Австралия туралы әңгімеледі. Әрі, бұл тек ағылшын тілінде өтті. Бұл елдің әкімшілік құрылымы, оның аумағында тұратын жануарлар, ерекше ғимараттар және көптеген басқа нәрселер туралы сөз болды. Барлық осы ақпаратты, негізінен, интернетте оңай табуға болады, бірақ оның таза ағылшын тілінде берілгендіктен, оқушылардың пікірлері бойынша ол басқаша- үлкен қызығушылықпен қабылданды.
– Шетелдік қонақтар ақпаратты мүмкіндігінше анық жеткізуге тырысты – онда презентациялар да, ымдау да қатысты. Бұл кездесу кездейсоқ әңгіме сияқты болды. Біз қызықтыратын сұрақтар қойдық, – дейді «МҚӨТ-17» тобының студенті Кирилл Малов. – Біз үшін тамаша тәжірибе болды.
ҚМИУ баспасөз қызмет
Просмотров: 837