КТБО-ға Аяз Атадан сыйлық келді
[Дата публикации: 26.01.2018, 13:45:41, жариялауды: Әкімшілік]
Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің басшылығы мен оқытушылары, студенттері белсенді қатысқан «Аяз Атадан сыйлық» науқаны барысында Теміртау қ. кәмелетке толмағандарды бейімдеу Орталығының (КТБО) барлық тәрбиеленушілеріне 54 жиынтық іш киім, шұлық, колготки, футболка, пижам, сондай–ақ тәттілер сатып алынды.
Өткен дүйсенбіде, 25 желтоқсанда ҚМИУжанындағы «Қамқор» еріктілер орталығының өкілдері, Санта-Клаустың, Ақшақар мен клоундардың костюмдеріне киініп балаларға концерттік бағдарламамен және сыйлықтармен барды. Олармен бірге КТБО-ға қонаққа университеттің басшылығы мен Кәсіподақ комитеті өкілдері барды.
«Қамқор» еріктілер орталығының мүшелері мен ҚМИУ жастар комитеті бірнеше жыл бойы науқанның бастамашысы болып табылады. Науқанға белсене қатыса отырып, студенттер мен оқытушылар ақша жинайды, оған тәтті және қажетті заттар сатып алынады.
КТБО таңдауы саналы түрде жасалды. Мұнда 2 жастан 17 жасқа дейінгі аз қамтылған отбасылардан шыққан, қорғаншылық органы ішкіш ата-аналардан тартып алған балалар бар. Сот шешіміне дейін қыздар мен ұлдар Орталықта 1-2 ай тұрып, кейін олар Қазақстандағы балалар үйіне таратылады. Көптеген балаларда киім жоқ, сондықтан орталықтың қызметкерлері ҚМИУ еріктілерінен нақты заттарды сатып алуды сұрады.
Жақсы істер жасауға және оған мұқтаждарға қуаныш сыйлауға асығыңыздар! ҚМИУ басшылығы, оқытушылары мен студенттері оны біледі.
ҚМИУ баспасөз қызметі
Просмотров: 714