“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Белсенді жастар орталығы

[Дата публикации: 29.01.2018, 16:21:26, жариялауды: Әкімшілік]

 

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің базасында «Жастар-Отанға» мәдени-сауықтыру орталығы екі жылдан астам жұмыс істейді. Жақында онда «Нұр Отан» партиясының Қарағанды облыстық филиалының бірінші орынбасары Қ.Б. Оспанова іскерлік іссапармен болды.

 

Орталық «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-да жұмыс істейтін «Нұр Отан» партиясының филиалының қолдауымен ашылған. Орталық үш бағыт бойынша жұмыс істейді: еріктілік, журналистика және КТК ойындары. Мұнда екі жүзден астам бозбалалар мен қыздар қатысады, оларға Теміртау жастар клубының өкілдері, партия филиалының ҚБҚ, Теміртау қ. «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері көмектеседі.

Қ.Б. Оспанова осы орталықтың және оның басшылығының жұмысын жоғары бағалады, сондай-ақ белсенділердің келешектегі жоспарларымен танысты.

ҚМИУ баспасөз қызметі


Просмотров: 397
29.01.2018, 16:21:26, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар