Студенттер – халық көңілді және тапқыр
[Дата публикации: 06.12.2017, 18:21:19, жариялауды: Әкімшілік]
«ҚМИУ құрама» КТК командасы Ақмола КТК лигасының әкімінің жабық Кубогы мен Қарағанды облысы әкімінің Кубогы ойындарына қатысты.
ҚМИУ студенттері және «Жайдарман» КТК-ның қазақ лигасының бірнеше өкілдері, барлығы 12 адам – 28 қарашада Көкшетауда Ақмола КТК Лигасының директоры А.Буровтың шақыруымен Қарағанды облысының атынан қатысты, теміртаулықтарды олардың ширек финалда сәтті ойын кезінде байқаған. Тәжірибелі ойыншылармен бірге жаңадан қатысушы – жақында университетте өткен «Магнитка» лигасының Күзгі кубогында дебют жасаған және «Үздік әзіл» номинациясында жеңімпаз атанған «Железнорожденные» КТК командасы сахнаны бағындыруға аттанды.
– Көкшетауда Омбы, Петропавл, Қостанай, Көкшетаудан 12 команда кездесті. Қарағанды облысы атынан жалғыз біз ғана, – дейді біздің ойыншылар. – Көптеген командалармен осындай үлкен сахнаға шыққандықтан, баға жетпес тәжірибе алдық. Сонымен қатар, ТМД-ға белгілі “КВН Каzaхи” командасының бұрынғы ойыншысы, Ярослав Мелехинмен әңгімелестік.
Ал 5 желтоқсанда біздің команданы кезекті ойындары күтті. Қарағандыда «ҚМИУ командасы» облыс әкімінің Кубогында үшінші орын алды.
Енді «ҚМИУ құрама» командасы 20 желтоқсанда Көкшетау қаласында өтетін Ақмола КТК лигасының финалына дайындалуда.
ҚМИУ баспасөз қызметі
Просмотров: 409