Мамандық таңдау
[Дата публикации: 19.12.2017, 08:47:58, жариялауды: Әкімшілік]
ҚМИУ жанындағы жұмысшы мамандықтарды дайындауға арналған оқу орталығында жақында он үш адам “Бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика слесары” бойынша жұмыс біліктілігін беру туралы куәліктерін алды.
Оқу орталығы Қарағанды мемлекеттік индустриялық университет жанында екінші жыл жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде бірнеше ондаған теміртаулықтар еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптік мамандығын алды.
Қысқа мерзімді курстар барлық қалаушылар үшін Қазақстан Республикасы Президенті, Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам» атты Бағдарламалық мақаласын іске асыру шеңберінде өткізіледі. Сабақ ұзақтығы бір ай, содан кейін тыңдаушылар біліктілік емтиханын тапсырады.
БӨАжА слесарьдан басқа мұнда хатшы-референт, электронды-есептеу машиналарының операторы, сылақшы-маляр, бақылаушы-кассир, электртехникалық қызмет көрсету және электр жабдықтарын жөндеу бойынша электромонтер және т.б. ретінде оқуға болады. Оқу орталығы қазіргі заманғы материалдық-техникалық базамен жабдықталған. Өнеркәсіптік тәжірибе қаланың ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар базасында өтеді.
Толық ақпаратты мына мекенжай бойынша алуға болады: Теміртау қ., Республика даңғ., 30, А корпусы, 207 каб. Анықтама телефондары: 8 (7213) 41-13-55, 8-701-254-77-37.
ҚМИУ баспасөз қызметі
Просмотров: 481