Мерейтой иелерін құттықтаймыз!
[Дата публикации: 11.12.2017, 15:27:08, жариялауды: Әкімшілік]
Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің ректораты мен профессорлық-оқытушылар құрамы «Экономика және қаржы» ка-федрасының аға оқытушысы Әлия Сұрағанқызы Ақмағанбетованы және «ЭАжЕТ» кафедрасының аға оқытушысы Ольга Николаевна Ле-ликованы мерейтойларымен құттықтады!
Әлия Сұрағанқызы Ақмағанбетова – біздің университетіміздің түлегі, уни-верситетте 2003 жылдың қыркүйегінен бастап жұмыс істейді. Жұмыс бары-сында өзін білікті маман және оқытушы ретінде көрсетті. Өзінің барлық білі-мі мен тәжірибесін ол өзінің сүйікті ісіне – ғылыми прогресс пен инновация-лық технологияларға негізделген, қазіргі заманғы қоғамды дамыту мүмкін емес экономикалық ғылым негіздеріне студенттерді оқытуға арнайды. Әлия Сұрағанқызы үнемі кәсіби білімдерін жетілдіреді, білім берудің жаңа техно-логияларын меңгереді және өз білімімен әріптестерімен бөліседі.
Ольга Николаевна Леликова университетте 1990 жылы жұмысын тағы-лымдамадан өтуші-зерттеуші лауазымы бойынша бастады, көп ұзамай “ӨЖЭжМЖТ” кафедрасының оқытушысы болды. 2002 жылдан бастап аға оқытушы қызметін атқарады. Екі жыл бұрын «Құрылыс» мамандығы бо-йынша магистратураны бітірді. Оның барлық еңбек қызметі – таусылмайтын күш пен үлкен талпынысты, таңдалған мамандыққа жанқиярлығы мен адал қызмет көрсетуі куәландырады. Жиырма бес жылдан астам уақыт бойы ол тек Қарағанды облысындағы ғана емес, бүкіл республика бойынша әртүрлі өндірістер үшін жылу энергетикасы бойынша мамандарды дайындады. Ольга Николаевнаның жетекшілігімен өткізілген студенттердің жұмыстары облыс-тық және республикалық жарыстарда жүлделі орындарға ие, өздерінің ғылы-ми жұмыстары жылу қуатын зерттеу бойынша оқулықтарға тәжірибелік то-лықтырулар ретінде қызмет етеді.
Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің ректоры Бақыт Ахатұлы Жәутіков мерейтой иелерін 11 желтоқсан күні өткен профессорлық-оқытушылар құрамының жиналысында барлық профессорлық-оқытушылар құрамының атынан құттықтап, керемет әйелдерге мықты денсаулық, барлық мәселелерде табысқа жетуді, жеке бақыт, жақсылық, орындалған жұмыстар-дан қанағаттануды тіледі. Ұжым, мерейтой иелерінің күш-қуаты, білімділігі, еңбекқорлығы мен өмірлік ұстанымдары қызметтері Қазақстан Республика-сының үдеуі мен гүлденуіне, зияткерлік әлеуетін дамытуға бағытталғанына сенімді.
Просмотров: 466