“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

«Аяз Атадан сыйлық»

[Дата публикации: 08.12.2017, 18:41:58, жариялауды: Әкімшілік]

 

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде ертеден дәстүрге айналған «Аяз Атадан сыйлық» науқаны басталды. Бірнеше жыл бойы оның бастамашылары «Қамқор» еріктілер орталығының және Жастар ісі жөніндегі комитеттің өкілдері.

Науқан барысында студенттер мен мұғалімдер ақшалай қаражат жинайды, оған сосын теміртаулық «Айналайын» балалар үйінің және кәмелетке толмағандарға арналған бейімделу орталығының тәрбиеленушілеріне тәтті сыйлықтар сатып алынады. Сонымен қатар, еріктілер сусабын, сабын, әтір және дезодоранттар алады.

Бірақ, тек тәттілер мен гигиеналық заттарды жеткізумен шектелмейді. ҚМИУ студенттері түрлі тақырыптар бойынша концерттік бағдарлама мен ойындар дайындайды. Науқанға барлық факультеттердің декандары да белсене қатысады. Мысалы, өткен жылы балаларға сыйлықтар беру үшін өздері балалар үйіне барды.

Науқанға ҚМИУ кез-келген студент немесе оқытушы қатыса алады. Көп ұзамай, университеттің ескі және жаңа ғимараттарында ақшаны жинау үшін арнайы қораптар орнатылады. Сонымен қатар еріктілер ойыншықтар мен тәттілерді жинайды.

Жаңа жылға дейін қалған уақыт көп емес, сондықтан жақсылық жасауға және күлкі сыйлауға асығыңыз!

ҚМИУ баспасөз қызметі

 

 


Просмотров: 376
08.12.2017, 18:41:58, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар