“Аламан” фестивалінің Гран-приі
[Дата публикации: 27.12.2017, 19:36:36, жариялауды: Әкімшілік]
ҚМИУ студенттері Астана қаласында өткен «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» – «Серпін» бағдарламасы бойынша оқитын Қазақстанның барлық студенттеріне арналған «Аламан» республикалық фестивалінің алты гран-приін жеңіп алды.
«Аламан» фестивалінің мақсаты – әлеуметтік бастамаларды, студенттердің шығармашылық қабілеттерін қолдау, белсенділікті арттыру және жастардың жан-жақтылығын анықтау. Елдің он төрт облысындағы жастар қарым-қатынас жасауға және басқа оқу орындарының өкілдерімен танысуға мүмкіндік алды.
Фестивальге 400-ден астам адам қатысты. «Серпін» жобасының үздік студенттерін марапаттау рәсіміне ҚМИУ студенттері де қатысты. Гран-при иеленгендер: «Үздік жайдарман» номинациясында – ККТжТ-15к тоб. студенті Ш. Сөпбек, «Үздік пікірсайысшы» номинациясында – ККТжТ -15к тоб. студенті Е. Байсал, «Serpin – Start-ap» номинациясында – ЭЭ-15к тоб. студенті А. Есімханова, «Үздік сардар» номинациясында – МҚ-15к тоб. студенті М. Кәрібжан, «Серпін» бағдарламасының маңыздылығы туралы «Үздік эссе» номинациясында – МҚӨТ-15к тоб. студенті А. Рустем. Шығармашылық байқауда Қарағанды облысының және туған оқу орнының мәртебесін вокалист-гитарашылар Қ-15к тоб.студенттері А. Балқыбеков пен Т. Тастемір қорғады. Осы номинацияда олар да Гран-при иеленді.
ҚМИУ баспасөз қызметі
Просмотров: 504