Астанада патриоттар форумы өтті
[Дата публикации: 20.12.2017, 18:05:12, жариялауды: Әкімшілік]
2017 жылдың 14 желтоқсан күні Астана қаласында жыл сайын өткізілетін «Туған жер! Туған тіл! Туған ел!» атты Қазақстан париоттарының форумы өткізілді, форум жұмысына Қазақстан Республикасының Мәжіліс депутаттары, Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері және еліміздің барлық өңірлерінен екі жүзден астам делегаттар қатысты.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің ақпараты бойынша форумға қатысушылар – біздің қоғамыздың үздік өкілдері, еліміздің мүддесі үшін қызмет ететін: дәрігерлер, әскери мамандар, педагогтар, спортшылар, мәдениет қызметкерлері, бизнес және қоғамдық ұйымдар өкілдері.
Форум жұмысы Мемлекет Басшымыздың «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласында айқындалған міндеттерді талқылаумен басталды. Осы форум шеңберінде «Еліміздің Құрметті патриоты» атағы отыз қазақстандыққа берілді.
Қарағанды облысының делегациясының құрамында Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің «Металды қысыммен өңдеу» кафедрасының аға оқытушысы Алмас Ержанов осы іс-шараға қатысты.
– Форум жоғары деңгейде өтті. Мен біздің мемлекетіміздің саясаты Қазақстан Республикасының азаматтарын патриоттық тәрбиелеу бағытында атқарылып жатқан істері өте дұрыс деп санаймын, сонымен қатар ел ішіндегі ұлтаралық және діни ағымдар өкілдері арасындағы келісім және төзімділікке бағытталған жұмыстар әрі қарай жалғасын табады. Бұл өте маңызды, – деп атап өтті университет өкілі.
ҚМИУ баспасөз қызметі
Просмотров: 442