“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ

[Дата публикации: 29.11.2017, 18:28:30, жариялауды: Әкімшілік]

 

IMG_9352IMG_9372IMG_9387IMG_9429

 

 

 

 

 

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінде ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің қатысуымен Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың және 1967 жылғы түлектердің оқу бітірулеріне арналған 50 жылдық мерейтойына орай ІХ Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының салтанатты ашылуы болды.

Жиналғандар алдында Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов, ҚР Бірінші Президенті үзеңгілестері Төлеутай Сүлейменов пен Қабидолла Сарекенов және «АрселорМитал Теміртау» АҚ атқарушы директоры Вадим Басин сөз сөйледі. Қазақ ақпараттық-коммуникация академиясының президенті Шахмаран Сейілов; Астрахань мемлекеттік университетінің агробизнес, ветеринарлық медицина және технологиясы факультетінің деканы Равиль Арыкбаев; Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің ректоры сөз сөйледі.

Конференцияға Қарағанды облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының өкілдері, еліміздің және шетелдің жоғары оқу орындарының ғалымдары, мемлекеттік органдардың, оқу орындары мен кәсіпорындардың басшылары, депутаттар, қоғам қайраткерлері, оқытушылар мен студенттер қатысты.

ҚМИУ баспасөз қызметі

IMG_9330IMG_9397IMG_9427IMG_9519

IMG_9526IMG_9543IMG_9322


Просмотров: 489
29.11.2017, 18:28:30, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар