Студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы
[Дата публикации: 22.11.2017, 09:09:01, жариялауды: Әкімшілік]
Қарағанды индустриялық университетінде 21 қараша күні “Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы” атты қалалық пікір-сайыс турнирі өтті.
Турнир Теміртау қ. ішкі саясат Бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттің алдын алу жөнінде азаматтарда көзқарас қалыптастыру” жобасы аясында және Қазақстанда желтоқсан айының алғашқы онкүндігінде аталып өтетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет Күніне орайластырылып өткізілді. Оның басты мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша қоғамдық пікірталасқа студент жастардың тартылуы және олардың хабардарлығын арттыру.
Іс-шараға мықты пікірсайысшылар және облыстық пен республикалық пікірталас турнирлерінің жеңімпаздары қатысты.
Турнирге төмендегідей қарар енгізілді:
- Бұл палатаның пікірі бойынша, сыбайлас жемқорлыққа тартылған шенеуніктердің мемлекеттік қызметте жұмыс істейтін жақын туыстары алатын орнына қарамастан жұмыстан шығарылуы тиіс.
- Бұл палатаның пікірі бойынша, шетелде сот төрелігінен жасырынған қашқын жемқорлар туысқандарына қатысты мемлекет тарапынан қандай да бір ықпал шаралар қолдану құқығын алуға тиіс.
- Бұл палатаның пікірі бойынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ақталды.
Пікір-сайыс турнирі Американдық Парламенттік форматта өткізілді. Жеңімпаздар ұсынылатын идеялар дәлдігі, дәлелдер, қолдау, сөйлеу тәсілі және құрылымы сияқты критерийлер бойынша анықталды. Міндетті түрде әділдік, айқындық, адалдық, құрмет ескерілді.
Қазақ лигасының пікір-сайыс турнир қорытындылары:
1 орын – Үкімет командасы: Өміржол Рақымжан мен Рауан Мақұм
2 орын – оппозиция командасы: Қонысбек Тәжіков және Мадина Есболова
Үздік спикер – Тәжіков Қонысбек
Үздік төреші – Ақберген Айбибі
Орыс лигасының пікір-сайыс турнир қорытындылары:
1 орын –оппозиция командасы: Иван Головаш және Василий Ким
2 орын – Үкімет командасы: Кирилл Малов және Савелий Елефтериади
Үздік спикер – Савелий Елефтериади
Үздік төреші – Сунгат Карипжанов
Просмотров: 847