“Жалпы, еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұр. Бұл – уақыт талабына сай болумен қатар, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білу деген сөз.”

Қ. К. Токаев

Ректордың блогы

Қарағанды индустриялық университеті – тау-кен және металлургия саласына арналған жоғары білікті кадрларды дайындау...

Толығырақ »

Жаңалықтар

Архив

Конференциялар

Архив

Бірінші курс студенттері Спартакиадаға қатысты

[Дата публикации: 07.11.2017, 16:26:12, жариялауды: Әкімшілік]

 

Қазанның 18-30 аралығында университеттің спорт залдарында “Бірінші курс студенті-2017” спартакиадасы өтті. Оған үш факультеттің құрама командалары және ҚМИУ жанындағы Техникалық-экономикалық колледжінің  құрамасы қатысты.  

 

051Жарыс спорттың бірнеше түрінен өткізілді, онда екі жүзден астам адам  ептілік, күш, төзімділік және ақылмен сынасты.

Футбол жарысында ЭжәнеҚФ командасы көшбасшы, үздік ойыншы-Адлет Тұрсынов (Э-17 т.) болды. Жасөспірімдер арасындағы баксетболда бірінші орынды ҚМИУ жанындағы Техникалық-экономикалық колледжі, волейболда – МжәнеМЖФ құрамасы иеленді.

Спартакиада шеңберінде шахмат бойынша жарыс өтті. Бірінші орын – ЭКжәнеЖБФ командасында. Жеке біріншілікте ұлдар арасындаТуртан Сұлтан (ЭЭ-17қ т.), қыздар арасында – Қуанышқызы Саулет (ТОМД-17қ т.) жеңімпаз болды.043

Дойбыдан жарыста бірінші орында ЭжәнеҚФ командасы тұр. Жеке біріншілікте ұлдар арасында Шалдыбаев Динмурат (Қ-17қ т.), қыздар арасында – Багымбет Наргиз (ВТиПО-17к т.) жеңімпаз болды.

Бірінші курс студенттері өздерін тоғызқұмалақ жарыстарында да көрсетті. Бірінші орын – МжәнеМЖФ құрамасында. Жеке біріншілікте ұлдар арасында Торемуратов Бакберген (ТОМД-17қ т.), қыздар арасында – Жумабаева Акмарал (ТОМД-1т.басш.) жеңімпаз болды.

018Үстел теннисі жарысынан көшбасшы ЭжәнеҚФ командасы болды. Бірінші курс студенттері арасында университеттің “Бірінші ракеткасына”  Бектуганов Сәкен (Қ-1қ т.), қыздар арасында ТЭК колледж студенті  Шляк Оксана танылды.

Жоғары спорттық және эмоционалдық деңгейде өткен спорттық-ойын-сауық эстафетасында 10 адамнан төрт команда кездесті. Тоғыз конкурс қорытындысы бойынша ЭжәнеҚФ командасы көшбасшы болды  .

Барлық ойындар аяқталғаннан кейінгі Спартакиада жүлдегерлері  келесі түрде көрінеді: 1 орын – ЭжәнеҚФ, 2 – МжәнеМЖФ, 3 – ЭКжәнеЖБФ. Барлық жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды. Бірінші орынды иеленген командаға, ауыспалы Кубок тапсырылды. Ең белсенді жарысқа қатысушылар деп танылған ЭжәнеҚФ студенттері  Вадим Мелешко және Адлет Тұрсынов.

Төрешілікті жоғары курс спортшы-студенттердің белсенді қатысуымен  ДТ секция оқытушылары жүргізді. Спартакиаданың бас төрешісі Раиса Колесникова сөз сөйледі.

2017-10-31-PHOTO-00000003 (1)004054


Просмотров: 364
07.11.2017, 16:26:12, Әкімшілік Тараулар: Жаңалықтар