Біз КТК бастаймыз
[Дата публикации: 23.11.2017, 09:28:24, жариялауды: Әкімшілік]
22 қарашада Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің “Көңілді тапқырлар клубы” қазақ лигасы ойындарының жаңа маусым ашылуы өткізілді.
Фестиваль түрінде өткен ойынға бірінші және екінші курс студенттерінен тұратын төрт команда қатысты. Олардың өмірінде бұл бірінші ойын болғандықтан, кейбір қателіктер мен қазылар алқасының ескертулерін болдырмау мүмкін болмады. Бірақ жалпылай алғанда, төрешілердің пікірінше, барлық үш кезең қызықты және көңілді болды. Қазылар алқасының мүшелері КТК жаңа бастағандарға, сөз сөйлеу форматын және сахнада микрофонмен жұмысты зерделеуге, сондай-ақ әзілдер сапасын пысықтауға кеңес берді.
Көрермендер бұл кеште сахнада айтылған барлық әзілдерді өте жылы қабылдады. Олар әрине, студенттік тақырыптарды қозғады, соның ішінде жатақханадағы өмір. Көптеген әзілдердің кейіпкері көптеген қала сыртындағы студенттерге белгілі – вахтер Айзада болды, көптеген көріністерде оның жеке басын келтірді.
Үш турдан кейін анықталған ойын көшбасшылары: Бас жүлде “Есте сақта” командасында. Бірінші орынды қазылар алқасы «Серпiн серiлерi» командасына берді. Жеңімпаздар тәтті сыйлықтар алды. Қалған екі командаларға – «Жалғызгүл» мен «Самсатəтті» – белсенді қатысқандары үшін грамоталар табысталды. Үздік ойыншы – Есен Копейсинов. Бұл іс-шараның бас демеушісі – ҚМИУ студенттерінің кәсіподақ комитеті сөз сөйледі. ҚМИУ жастар ісі жөніндегі комитеті Шәмші Сопбекке турнирді ұйымдастыру мен командалармен жұмыс үшін алғыс білдіреді.
Бұдан әрі ойыншыларды ширек финал, жартылай финал күтіп тұр, сондай-ақ ректор Кубогы үшін 2018 жылдың сәуірінде өтетін ақтық кезең. Қазылар алқасының пікірін ескере отырып ойынға сапалы дайындалуға командаларда уақыт бар.
Просмотров: 556